Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәжілісмендер шалғай ауылдарды интернетпен қамту мәселесін көтерді

Мәжілісмендер шалғай ауылдарды интернетпен қамту мәселесін көтерді

Қала мен ауыл мектептері арасындағы білім беру сапасының алшақтығын азайту керек, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сондай-ақ шалғай елді мекендерді ғаламтор жүйесімен қамту және медициналық нысандар жұмысын жандандыру қажет. Осы және өзге мәселелер Мәжіліс депутаттарының сырбойылық жастармен өткен кездесуінде көтерілді. Халық қалаулылары Жастар жылында атқарылатын шаралардың орындалу механизмі жайлы баяндады. Кіші буын өкілдерін әсіресе «Болашақ» бағдарламасымен білім алу мүмкіндіктері қызықтырды.
Сонымен қатар коворкинг орталықтарын мектептерде ашу жөнінде ұсыныс айтылды. Аймақтың барлық аудандарын аралаған депутаттар инфрақұрылымдық жобалар жөнінде кеңінен әңгіме өрбітті. Мәжілісмендер жергілікті атқаруші билікті елді мекендерде IT-білімді жетілдіру ісіне көңіл бөлуге шақырды. Интернет жетсе, жастар ауылдан қалаға сабылмай-ақ бірқатар мемлекеттік қызмет көрсету түрлерін электронды технологиямен тындыруға болады.
«Жастар жылында жасалатын көптеген нәтижелі жұмыстардың ертеңгі деңгейі қалай болады? Жалпы өздерінің ұсыныстарын беріп жатыр. Елге қандай жас мамандар, кадрлық даярлау, грант бөлуі, жастардың жұмыссыздық мәселесі деген сияқты өте өзекті мәселелер көтеріліп отыр. Меніңше, бұл да біз үшін жақсы серпіліс. Себебі Парламентте де жастар саясаты заңына сәйкес біраз өзгерістер енгізетін боламыз», – дейді ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен.


08 ақпан 2019 ж. 325 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Наурыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области