NEET САНАТЫНДАҒЫ ЖАСТАР ҚАТАРЫ АЗАЙДЫ
Қазалы ауданында осы жылдың 10 айында ауданда қылмыс 9,9 пайызға төмендеді. Бұл туралы аудан әкімі М.Ергешбаевтың есептік баяндамасында айтылды.
Ауданда қоғамның негізгі қозғаушы күші саналатын жастармен жұмыс жүйеленіп келеді. Осының нәтижесінде биыл NEET санатына жататын жастардың саны 300 адамға төмендеді.
– Барлық елді-мекендерде қоғамдық негіздегі жастар жетекшілері мен әкімшілік саласы бойынша жастар саясатына жауапты мамандар бекітілген. Сонымен қатар, мемлекеттік жастар саясатын жандандыру мақсатында биылдан бастап «Жастар. Қоғам. Болашақ» тақырыбында арнайы жоба қолға алынды. Жоба аясында ерікті жастарды қоғамдық шараларға ынталандыру мақсатында жеке куәліктер әзірленді. Бұл куәліктер арқылы жастар фитнес клуб, ішімдік сатылмайтын дәмханалар, «Арман» оқу орталығы, сұлулық салондары қызметін 70 пайыз жеңілдікпен төлейді, – деді аудан басшысы.