Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорған ауданында үйрек шаруашылығы дамуда

Жаңақорған ауданында үйрек шаруашылығы дамуда

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.

"Бүгінде ауданда "1 ауыл - 1 кәсіп" жобасы қолға алынуда. Мәселен, Жайылма ауылы бірыңғай қарбыз дақылын, Келінтөбеліктер қарбыз, көкөніс өсірумен, Ақүйік ауылының тұрғындары болса үйрек шаруашылығымен айналысады. Қазіргі кезде Ақүйік ауылдық округіндегі «Қаратау-Ақүйік» АӨК –нің мүшелеріне үйрек шаруашылығын дамыту мақсатында Қызылорда өңірлік ивестициялық орталығы арқылы жеңілдетілген несие алып жұмыс жасауда. Атап айтқанда бүгінгі күнге 33,5 млн.теңге несие алып 8756 бас үйрек сатып алып өз шаруашылығын дамытуда", - деді Ғ.Әміреев.
Қазірде Қызылорда қаласындағы «Береке» құс шаруашылығына 4212 бас үйрек өсіріліп, бордақыланып етке өткізілді.
Сонымен қатар, Жаңақорған ауданында тіркелген 49 кооперативтің 7-і белсенді жұмыс жасап жатыр.
08 ақпан 2019 ж. 844 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области