Былтыр Жаңақорғанда жаңа күріш сорттары егілді
Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев мәлімдеді.
Бүгінде ауданда ауылшаруашылығы өндірісімен айналысатын 715 шаруашылық құрылымдарының 350-і егінмен айналысады. Оның ішінде 189 шаруашылық күріш өсіреді. Өткен жылы ауданда 37065 гектарға дақылдар орналастырылып, 2017 жылмен салыстырғанда 106,0 пайызға немесе 2266 гектарға артық егіс егілді.
"Ауыл шаруашылығы дақылдарына себілген тұқымдар қажетті тұқыммен толық қамтамасыз етілді. Негізгі дақыл күріштің жоғары репродукциялы сорттарын өндіріске енгізу бағытында жақсы жұмыстар атқарылып, аудан бойынша 2066 тонна күріш тұқымы, оның ішінде сорттар бойынша: 956 тонна–Лидер, 1050 тонна – Маржан, 40 тонна – Фаворит, 10 тонна – Анайт және 10 тонна Айкерім сорттары себілді.
Ауданда егілген 7712 гектар күріш дақылының 52% (4010 га) - Маржан, 48 % (3702 га) - Лидер, Фаворит және Айкерім сорттары егілді. Сонымен қатар 575 тонна бидай, 25 тонна арпа, 10 тонна тары, 24 тонна жүгері, 79 тонна мақсары және 70 тонна жоңышқа тұқымдарды себілді", - деді Ғалым Әміреев.