Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жаңақорғанда қарбыз шырыны шығарылады

Жаңақорғанда қарбыз шырыны шығарылады

Қызылорда облысының Жаңақорған ауданында қарбыз шырыны шығарыла бастайды. Аталмыш өндіріс орны жобасын неміс компаниясы қаржыландырады. Өндіріс орнына қажетті шикізатты жергілікті шаруалар жеткізіп тұрмақ, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

«Жаңақорған ауданында биыл қарбыз шырыны өндірісін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Оны қаржыландыруды неміс компаниясы өз міндетіне алды. Өндіріс орыны сағатына 2700 литр шырын өндірмек. Елімізде мұндай кәсіпорын қазір тек Алматы қаласында бар. Онда алмадан табиғи шырын өндіріледі. Бізде қарбыз дақылы Жайылма ауылында егіледі. Бұл елді мекен тұрғындары бақша дақылдарын өндіруге машықтанған», - деді Жаңақорған ауданының әкімі Ғалым Әміреев.
Әлемдік нарықта жеміс-жидек шырындары жоғары сұранысқа ие. Ол ерекше дамып келеді және болашағы зор кәсіптің түрі саналады. Қарбыз шырынын шығару ісі Қытай, Түркия және Иран елдерінде жақсы жолға қойылған.
«Айта кетелік, неміс инвесторлары тек өндіріс орыны технологиясын қадағалаумен айналыспайды. Олар қарбыз егу ісіне де назар аударады. Оған қанша су және тыңайтқыш берілуі тиіс екеніне де назар аударатын болады», - деді Ғалым Әміреев.

11 ақпан 2019 ж. 585 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области