Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Тұрғындар арасында өрт-профилактикалық жұмыстары жүргізілуде

Тұрғындар арасында өрт-профилактикалық жұмыстары жүргізілуде

Қазалыда «Тұрғын үй секторының өрт қауіпсіздігі күніне» орай тұрғындар арасында өрт-профилактикалық жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.

Профилактикалық іс-шараларға Төтенше жағдайлар басқармасының, аудандық полиция бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту, әлеуметтік бағдармалар және азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің және аудандық ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері мен «Жастар ресурстық орталығы» КММ тарапынан еріктілер тартылып, елді мекендердегі аса проблемалық аумақтарын анықтап профилактикалық жұмыстарын жүргізді.
Сонымен қатар, Әйтеке би кенті және Қазалы қаласындағы орта мектептерде және халық көп шоғырланатын аумақтарда өрт қауіпсіздігі талаптары және жылыту маусымы кезіндегі сақтық шаралары туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу барысында өрт кезіндегі өзін қалай ұстауы, иіс тиген жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, көмек беру іс-қимылдары түсіндіріліп, тұрғындарға практикалық көмек көрсетілді.
Айта кету керек, аудан көлемінде түсіндірме жұмыстары жыл бойы жүргізілетін болады.


11 ақпан 2019 ж. 407 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области