Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 120 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді

120 дана пиротехникалық бұйым тәркіленді

Қызылордада «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Жаңа жыл мерекеі қарсаңында қала тұрғындарын қауіпсіздік шаралары туралы құлақтандыру мақсатында Қызылорда қаласы Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері, қалалық кәсіпкерлік бөлімі және полиция қызметкерлерімен бірлесіп, «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шараларын жүргізуде.
•Іс-шараның басты мақсаты қала аумағында орналасқан сауда орталықтарында сертификатталмаған пиротехникалық бұйымдардың бей-берекет саудасы, сондай-ақ рұқсат құжаттарынсыз сату фактілерін анықтау және жол бермеу болып табылады.
Аталмыш іс-шараға «Абылай хан атындағы жоғарғы колледжі», «Қызылорда көпсалалы Ұлағат колледжі» және Қызылорда гуманитарлық экономикалық колледждерінің кәсіптік тәжірибеден өтуші студенттері қатыстырылуда. Колледж студенттері қала аумағында орналасқан оқу ордаларының басшыларына пиротехникалық бұйымдарды мектептерде қолдануға болмайтындығын түсіндіріп, үн-парақтарды тарату жұмыстарын атқарды. Сонымен қатар дауысзорайтқыш арқылы халықты құлақтандыру жұмысы жүргізілді.
Профилактикалық іс-шара барысында 120 дана пиротехникалық бұйымдар тәркіленіп, учаскелік полиция қызметкерлеріне тапсырылды.
27 желтоқсан 2018 ж. 594 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области