ТІКЕЛЕЙ ЭФИРДЕ МЕРЕКЕ ҚАРСАҢЫНДАҒЫ ҚАУІПСІЗДІК ЖАЙЫ АЙТЫЛДЫ
Қызылорда облысы төтенше жағдайлар департаментінің Өрт қауіпсіздігі саласындағы бақылау және профилактикалық қызмет басқармасының бас маманы азаматтық қорғау лейтенанты Аспандияр Сапарғалиев «Qyzylorda» облыстық телеарнасының тікелей эфиріндегі «Жаңа күн» бағдарламасына қатысып, облыс тұрғындары мен қала қонақтарын өрт қауіпсіздігі жағдайы бойынша атқарылып жатқан бірқатар жұмыстармен таныстырды.
Бағдарлама барысында орын алған өрт оқиғаларының шығу себептері бойынша ақпарат берді. Мерекелік іс-шаралар барысында өрттің алдын алу мақсатында мерекелік іс-шаралар кезінде пиротехникалық бұйымдарды, арнайы эффектісі бар ашық отты бөлмелерде қолдануға тыйым салу бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілуде.
Мерекелік іс-шараларды өткізу кезінде талапқа сай келмейтін пиротехникалық бұйымдарды пайдалануға жол бермеу мақсатында Қызылорда облысы Ішкі істер департаментінің 2017 жылғы 14 желтоқсандағы «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу туралы» №422 бұйрығы бекітілді. Осы бұйрыққа сәйкес Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметі мен Төтенше жағдайлар департаментінің аумақтық бөлімшелерінің қызметкерлері бірлесіп оларды сақтау және сату орындарына бүгінге дейін 3 рет рейд өткізді. Іс-шара барысында Ішкі істер органдарының қызметкерлері әкімшілік құқық бұзушылық туралы 2 хаттама толтырып, 29 дана пиротехникалық өнімдер тәркіленді.
Қызылорда облысы ТЖД