Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтуде

Қызылордада «Пиротехника» жедел алдын алу шарасы өтуде

Қызылорда облысының Полиция департаменті Төтенше жағдайлар департаментімен бірлесіп, ағымдағы жылдың 18 желтоқсанынан бастап 2019 жылдың 3 қаңтарына дейін «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізуде, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Шараның мақсаты – заңды және жеке тұлғалардың пиротехникалық өнімдерді сақтау, есепке алу, қолдану, сатып алу, тасымалдау, әкелу, әкету тәртібін сақтауын тексеру, сертификатталмаған өнімді көтерме жеткізушілерді анықтау. Сонымен қатар тұрғындардың жеке басы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық орындар мен көшелерде, тұрғын үйлерде төтенше жағдайлардың алдын алу, болдырмау, сертификатталмаған заңсыз пиротехникалық өнімдерді тасымалдауды анықтау және жолын кесу болып табылады.
Іс-шара барысында жас балалар арасында жарақат алуды болдырмау мақсатында қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша қызметке түскен полиция жасақтарының, учаскелік полиция инспекторларының, сондай-ақ мектеп инспекторларының кәмелетке толмағандармен пиротехникалық бұйымдарды, оның ішінде білім беру мекемелерінің аумағында пайдаланудың жолын кесуге ерекше назар аударылуда.
Жеке тұлғалардың тыныштығын, белгіленбеген тәртіпті бұзатын және ірі материалдық залал келтіруге әкеп соқпаған, елді мекендерде және бұл үшін бөлінбеген орындарда пиротехникалық бұйымдарды қолдану ҚР ӘҚБтК-нің 436-бабының 2-бөлігіне сәйкес, пиротехникалық бұйымдар тәркілене отырып, 20 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салынатын болса, азаматтық пиротехникалық заттардың және оларды қолданып жасалған бұйымдардың айналымы саласындағы қызмет құқығына лицензиясы бар тұлғалардың азаматтық пиротехникалық заттарды және оларды қолданып жасалатын бұйымдарды сақтау, есепке алу, пайдалану, тасымалдау, олармен сауда жасау, оларды жою, әкелу, әкету тәртібін бұзғаны үшін ҚР ӘҚБтК-нің 483-бабының 1-бөлігімен пиротехникалық заттар тәркілене отырып, жеке тұлғаларға 5, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне немесе коммерциялық емес ұйымдарға 10, орта кәсіпкерлік субьектілеріне 15, ірі кәсіпкерлік субьектілеріне 45 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеліп соғады.
21 желтоқсан 2018 ж. 505 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области