Төтенше жағдай кезіндегі балалар қауіпсіздігінің 6 ережесі
Жуырда Астана қаласы мен Павлодар, Түркістан, Қызылорда облыстарында болған өрт және иіс тию салдарынан он екі бала қайтыс болды. Қызылорда облысы Төтенше жағдайлар департаментінің дерегінше балалардың отпен ойнауы, үлкендердің балаларды қараусыз қалдыруы салдарынан республика бойынша жыл сайын орташа есеппен 500 өрт оқиғасы тіркеледі екен. Осыған орай Қызылорда-news.kz ақпараттық агенттігі төтенше жағдай кезінде балаңызды қалай қорғауға болатындығы туралы нұсқаулық ұсынады.
1. Негізгі қауіпсіздік нұсқауларын орындаңыз
Өрт пеш пен электр жылытқыштарын пайдалану ережелерін сақтамауының себебінен болады. Ал негізгі қауіп – өрттің өзі емес, көмірқышқыл газы.
Жанармай жағылған кезде көмірқышқыл газы шығарылады. Уытты, бірақ иісі жоқ. Сондықтан адамдар көбіне өрттен емес, тұншығып өледі. Бұл әдетте тұрғын үйлердегі пештің мерзімінен бұрын жабылуына байланысты болады. Көмірқышқыл газының концентрациясына байланысты адам 3-30 минутта өліп кетуі мүмкін.
2. Балалардың сыртынан құлыптап кетпеңіз!
Негізінен ересектер, балаларды жалғыз қалдырып, есікті құлыптайды. Бұл дегеніміз, бала өрт өршімей тұрып алдын ала білсе де үйден сыртқа шығу мүмкін емес. Құтқарушылардың үнемі айтатыны, оқиға орнына уақытылы жеткенімен ол үйдің есігінің жабық болуы балаларды құтқаруға кедергі. Сондықтан, міндетті түрде бір кілтті үйде қалдырып, немесе есіктің ашылуына мүмкіндігін қарастыру қажет.
Қанша адамның өмірін жалмаған Кемероводағы «Зимняя вишня» сауда орталығында орын алған өрт те сол жабық есіктердің кесірінен орын алғандығын естен шығармаңыз.
3. Балаларды жалғыз қалдырмаңыздар, әсіресе түнде
ҚР бала құқықтары жөніндегі уәкілі Зағипа Балиева 12 жасқа дейінгі балаларды үйде жалғыз қалдыруға тыйым салуды ұсынған еді. Алайда, бұл ереже заңнамада көрінбеді.
Әрине, кейде ересектер шұғыл шаруамен үйден кетуге тура келеді. Расында балаларға өрттен де басқа қауіп көп. Мысалы, Астанада баланың үйдің терезесінен құлаған оқиға жиі болады. Бұл жағдайда әдетте ата-аналар келесі бөлмеде жүреді. Балаға түнде қауіп көп. Өйткені, айналада құтқаруға келетін адамдар болмауы мүмкін (көршілер, жаяу жүргіншілер).
Көптеген елдерде шын мәнінде баланы жалғыз қалдыруға тыйым салынған. Мысалы, АҚШ-та федералды заң жоқ, бірақ әрбір штат жасын өздері анықтайды: Небраскада 7 жасқа дейін, Иллинойс штатында 14 жасқа дейін баланы жалғыз қалдырмайды.
4. Балаңызбен әрекет алгоритмін жасаңыз
Сіздің балаңыз үйде жалғыз қала ма, жоқ па бәрібір, ол қауіпсіздік ережелерін нақты білуі керек. «Сіріңкемен ойнауға болмайды» деген сияқты қарапайым ескертпелермен шектеліп қалмаңыз. Ол төтенше жағдай кезінде баратын іс-әрекеттерін нақты білуі тиіс. Мысалы, қауіп туындаған жағдайда алдымен ата-ананы емес, өрт сөндірушілерді (жедел жәрдем, полиция) шақыру керектігін ескертіңіз. Сондай-ақ, бала өзінің тегі мен жақын туыстарының мекен-жайын, телефон нөмірлерін білуі керек.
Балаларды қауіпсіздік ережелеріне жүйелі түрде дағдыландыру; балаңызбен бірге қауіпсіздік нұсқаулықтарын плакатқа жазыңыз. Оны көрнекі жерге іліп қойыңыз. Сонымен қатар қызметтердің телефон нөмірлерін жазып (101, 102, 103), есте сақтауға ықпал етіңіз. Балаңызды қауіпсіздік техникасы бойынша оқытуға жіберіңіз. Мектепте сынып сағатын ұйымдастырып, балалармен интерактивті форматта (ойын, викторина) төтенше жағдайлар тақырыбын талқылау керек.
5. Жаңа технологияны қолданыңыз
Әртүрлі гаджеттер мен мобильді қосымшалар енді өмірді жеңілдетіп қана қоймай, адам өмірінің қауіпсіздігіне де бақылау жасай алады! Біріншіден, егер бала жалғыз қалдырса, ол смартфонға немесе төтенше жағдайларда SOS түймесімен ақылды сағаттарға ие болуы керек. Үйде пешті немесе тұтанғыш құрылғыларды пайдалансаңыз, оны өшіруді еске салатын таймер (оятар) орнатыңыз.
Қауіпсіздік үшін үйде арнайы түтін анықтағыш құрылғы (датчик) орнатыңыз. Егер үйіңізде ол құрал болса, онда бөлек газге арналған анықтағыш орнату керек. Сарапшылар түтін анықтағыш құрылғыны төбенің ортасына орнатуға кеңес береді. Көмірқышқыл газын өлшеуге арналған құрылғы - тыныс алу жолының деңгейінде немесе жылыту құрылғысының жанында болады. Мысалы, жатын бөлмесінде құрылғы кереуеттің биіктігімен бірдей жерде болса, ал бала бөлмесінде құрылғы бала қозғалысына байланысты.
Сонымен қатар, AppStore және Google Play-те қауіпсіздік туралы, соның ішінде балаларға арналған ойындар, көптеген бағдарламалар бар. Пештерді қолдану бойынша әртүрлі толық нұсқаулар мен қосымшалар бар.
6. Балаңызды өрт кезінде әрекет етуге үйретіңіз
Егер өрт немесе жану белгісі (түтін, безгегі, ыстың иісі және т.б.) анықталса, бала ересек адамға немесе «101», «112» өрт сөндіру қызметінің нөміріне дереу хабарлауы керек.
«Бала қорыған жерге өш». Балаға тыйым салып, болмайды деген сайын сол жердің дәмін татқысы келіп тұрады. Сондықтан, балаға «Болмайды» деуден көрі, оның себебін түсіндіріп, одан төнген қауіп туралы айтудан жалықпаңыз. Балалар бұл кеңестерді есте сақтауы өте маңызды. «Жаман айтпай жақсы жоқ». Біз қауіптің алдын аламыз және өрт бола қалған жағдайда баланың өмірін сақтай аамыз. Үйдегі мүлік пен бағалы заттан көрі баланың өмірі маңызды.
Фариза ОМАРОВА