Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алда тұрған басты мақсаттың бірі – жұмыссыздықтың алдын алу

Алда тұрған басты мақсаттың бірі – жұмыссыздықтың алдын алу

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз конференциясында Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

«Бұл бағытта 2018 жылы 13 рет «Бос жұмыс орындары» жәрмеңкесі ұйымдастырылып, 1 мың 608 адам тұрақты жұмысқа орналасты. «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында 952 адам оқу курстарынан өтті. 2017-2018 жылдар аралығында 220 адамға 1 млрд. 53 млн теңге көлемінде шағын несие беріліп, 253 жаңа жұмыс орындары ашылды. 2 247 адам қоғамдық жұмысқа, 169 адам әлеуметтік жұмыс орындарына, 563 жас маман жастар тәжірибесімен жұмысқа орналасты», - деді қала әкімі Н.Нәлібаев.
Айта кету керек, өткен жылы қалада 7785 тұрғын тұрақты жұмысқа орналасып, жыл қорытындысымен жұмыссыздық деңгейі 4,7 пайызды құраған.
Өткен жылы қайырымды азаматтар мен жергілікті кәсіпкерлердің демеушілігімен "Жүрек жылуы" акциясы аясында "Наурыз", "Ораза", "Құрбан айт", "Қала күні" мерекелерінде 2800 тұрмысы төмен отбасыға 42 млн.теңгенің қайырымдылық көмектері көрсетілді.
13 ақпан 2019 ж. 469 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области