Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысы: 2018 жылы жалпы тәжірибедегі 30 дәрігерді оқыту үшін арнайы гранттар бөлінді

Қызылорда облысы: 2018 жылы жалпы тәжірибедегі 30 дәрігерді оқыту үшін арнайы гранттар бөлінді

Бұл шаралар денсаулық сақтау саласы мамандарының тапшылығын азайту үшін қабылданды. Бұл туралы облыс әкімінің есепті кездесуінде белгілі болды, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

2018 жылы жалпы тәжірибедегі 30 дәрігерді дайындау үшін облыс әкімінің арнайы гранттары тағайындалды.
2016 жылдан бастап медицина саласындағы мамандардың тапшылығын болдырмау үшін Қазақстанның 5 жетекші ЖОО-да облыс әкімдігінің гранты бойынша 42 резидент білім алуда. Биыл өңір үшін қажетті мамандықтар бойынша алғашқы 16 білікті дәрігер оқуын аяқтайды.
Сонымен қатар, 2018 жылы 720 дәрігер мен 767 маман өз білімдерін жетілдіріп, біліктілігін арттырды.
Өткен жылы Қызылорда облысы республикада бірінші болып Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) "Өңірлер денсаулық үшін" Еуропалық желісіне кіргенін атап өткен жөн. Бұл Еуропа елдерінде енгізілетін озық технологияларды қолдауға, денсаулық сақтаудың зияткерлік әлеуетін қалыптастыруға және өңірдегі бастапқы медициналық санитарлық көмек (БМСК) бойынша үздік әлемдік тәжірибені бейімдеуге мүмкіндік береді.
13 ақпан 2019 ж. 420 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области