Алаяқ Ситер отбасының қайғысын пайдаланбақ болған
Алаяқ интернетте тараған Жанымкүл Ситердің жеке куәлігі арқылы автонесие рәсімдемек болған, деп хабарлайды kyzylorda-news.kz
365info.kz-ке сілтеме жасап.
Жанымгүл Ситтер 4 ақпанда Астанада қаза тапқан бес қыздың анасы. Әйелдің куәлігін тауып алған алаяқ оның атынан автонесие ресімдеуге тырысқан. Бұл туралы қаланың Ішкі істер басқармасына жақын дереккөзі хабарлады.
Күдікті кінәсін мойындады. Тергеу амалдары жүргізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, Астанада 4 ақпан күні түнде үй өртеніп, бір отбасының 2006-2018 жылдары туған 5 қызы қаза тапты. Балалардың ата-анасы түнде жұмысқа шығуға мәжбүр болған.