Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Өнертабыс бойынша Қазақстан Республикасының патентін алудың талаптары

Өнертабыс бойынша Қазақстан Республикасының патентін алудың талаптары

«Болашақ» университетінде «Өнертабыс бойынша Қазақстан Республикасының патентін алудың талаптары» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz.

Айта кетейік, осы уақытқа дейін «Болашақ» университеті түрлі өзекті мәселелер бойынша оқыту семинарларын өткізіп келеді. Бұл шара осы жұмыстардың жалғасы болып табылады.
Патент – авторлық өнертабыс, пайдалы модельдің немесе басқа да ғылыми жетістіктерді куәландыруды көздейтін ерекше қорғаудағы құжат. Семинарда берілген тақырып бойынша барлық мәселе қарастырылды. Қазақстанда патент алуға ұсыну және оны алудың техникалық тұстары көрсетілді. Семинар барысында патент алу процестерінің барлық кезеңдері анықталды. Сонымен қатар, семинарда университет ғалымдарына тәжірибелік ұсыныстар берілді.
Семинарға «Болашақ» универитетінің профессор-оқытушылар құрамы қатысты. Семинар соңында барлық қатысушыларға сертификаттар берілді. Семинарды «Физика-химиялық талдау әдістері» инженерлік бейіндегі зертхана жетекшісі, химия ғылымдарының кандидаты, профессор Н.О.Аппазов жүргізді. Университет профессоры, саяси ғылымдарының кандидаты, қауымдастырылған профессор М.Ө.Насимов берілген шараның бастамашысы саналады.



14 ақпан 2019 ж. 433 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области