Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Волонтер студенттерге қанша шәкіртақы төленеді

Волонтер студенттерге қанша шәкіртақы төленеді

ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев волонтер-студенттерге шәкіртақының қалай төленетінін айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Министр 2019 жылдың Жастар жылы болып жарияланғанын еске салды және "Әлеуметтік студенттік кредит" жобасы іске асырылатынын жеткізді.
"Жалпы идея ретінде жоба дайын. Қазіргі уақытта оны жоғары оқу орындарымен бірге талқылап жатырмыз. Аталған жоба аясында студенттер волонтерлік қызметке тартылады. Қысқаша айтсақ, студенттерге келісілген пәндер бойынша екі түрлі ваучер ұсынылады: 2 және 5 кредиттік ваучер. Бұл - 20 немесе 50 сағаттық волонтерлік қызмет және сағатына 1000 теңгеден төленеді. Үш жылда жобаға қатысатын студенттер санын 20 мыңға жеткізуді жоспарлап отырмыз", - деді Ерлан Сағадиев.
Министрліктің хабарлауынша, әлеуметтік студенттік ваучер төмендегі бағыттар бойынша әлеуметтік пайдалы қызметпен айналысатын студенттерге беріледі:
1) инклюзивті білім беру;
2) қазақ тілі, ағылшын тілі, компьютерлік сауаттылықтан қосымша сабақ беру;
3) девианттық мінез-құлқы бар кәмелетке толмаған балалармен жұмыс істеу;
4) аулалық және спорттық клубтарды ұйымдастыру; 5) егде жастағы адамдармен әлеуметтік жұмыс.

15 ақпан 2019 ж. 491 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области