Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Былтыр Қызылордада 418 қылмыстық іс электронды форматта тергелді

Былтыр Қызылордада 418 қылмыстық іс электронды форматта тергелді

Қызылорда облысының Полиция департаментінде «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жұмыс кездесуі өткізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда облысы Полиция департаментінде облыс әкімі аппаратының өкілі, Қызылорда облысының прокуратурасы, ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы, Экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы, «Қазақтелеком» АҚ-ның Қызылорда филиалы басшылары, сондай-ақ департаменттің Тергеу, Анықтау, Криминалды полиция, Есірткі бизнесіне қарсы күрес, Көші-қон қызметі, Жергілікті полиция қызмет, Әкімшілік полиция, Техникалық қызмет, Тылмен қамтамасыз ету, Қызылорда қаласының Полиция басқармаларының басшылары мен жауапты қызметкерлерінің қатысуымен жұмыс кездесу өткізілді.
Жұмыс кездесудің мақсаты - «Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында жүзеге асырылып жатқан «Электронды қылмыстық іс» және «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жобасы бойынша нақты атқарылған жұмыстарды, техникалық жабдықтармен қамту жағдайын және туындаған күрделі мәселелерді талқылап, олардың шешу жолдарын қарастыру.
«Цифрлық Қазақстан» Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру аясында Қызылорда ОПД-де «Электронды қылмыстық іс» жобасына байланысты 2018 жылы 116 арнайы компьютерлік техникамен полиция құрылымдары жабдықталып, жалпы саны 418 қылмыстық іс электронды форматта тергеліп, оның 263 сотқа жолданған және «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жобасына байланысты 2018 жылы 146 арнайы планшетпен полиция құрылымдары жабдықталып, 22 466 әкімшілік іс электронды форматта аяқталған.
Жұмыс кездесу барысында ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі Комитетінің Қызылорда облысы бойынша басқармасы бастығының орынбасары С.Ыдырыс «Электронды қылмыстық іс» және «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жобасы бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде баяндама жасап, туындаған өзекті мәселелерді талқыға салып, оларды шешу жолдары қарастырылды.
Жұмыс кездесу нәтижесімен «Электронды қылмыстық іс» және «Әкімшілік өндірістің бірыңғай тізілімі» жобаларын сапалы, әрі жеделдетіп жүзеге асыру мақсатында жүйедегі техникалық ақауларды анықтап, уақтылы жою үшін жоғарыда аталған құзырлы мекемелердің өкілдерінен қосымша жұмыс тобы құрылды және туындайтын проблемаларды бірігіп шешу жөнінде келісім жасалды.



18 ақпан 2019 ж. 541 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области