Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Алмас Кішкенбаев түсірген клип елдің көңілін босатты (видео)

Алмас Кішкенбаев түсірген клип елдің көңілін босатты (видео)

Алмас Кішкенбаев өз өмірі туралы клип түсірді. Бейнебаянда Алмас осы күнге дейін бастан өткерген оқиғалары мен жасаған жұмыстарын топтастырған. Сондай-ақ, қос қызы мен анасын да кадрға қосқан, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Stan.kz сайтына сілтеме жасап.

Кішкенбаевтың жаңа жұмысы “Өмірім” деп аталады. Туынды Алмастың осы күнге дейін атқарған жұмысының есебі іспетті. Клипте Алмастың бала күнгі сахнадағы бейнесі, кезінде үлкен сахнаға жол ашқан Super Star жобасынан үзінділер бар. Сондай-ақ, әнші осы уақытқа дейін түсірген бейнеклиптері мен қатысқан жобаларын да жаңа видеосына қосқан.
Бейнебаян Алмастың отбасылық суреттерімен аяқталады. Онда әншінің қос қызы мен анасы бейнеленген.
Желі қолданушылары көптен бері көрінбей кеткен әншінің қайта оралғанына қуанды. Көпшілігі Алмастың алдағы шығармашылығық жұмысына сәттілік тіледі. Сондай-ақ, ән мәтіні мен клип мағынасының үйлеспейтінін айтқан тыңдармандар да бар.



19 ақпан 2019 ж. 452 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области