Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 21 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Шығармашылық ойларыңызды жүзеге асыратын күн. Сонымен қатар бұл күні үй ішін жаңалауға болады. Спортпен шұғылдану, денеге күш түсіру денсаулығыңызға пайдасын тигізеді. Бүгін жаңа таныстық орын алады.

Торпақ
Керемет күн. Күтпеген жерден олжалы боласыз. Бағалы зат тауып аласыз немесе ұтысқа ие боласыз. Өткен күндерге есеп беріп, алдағы күндерге жоспар құруға өте қолайлы күн.

Егіздер
Отбасыңыздағы жандармен қарым-қатынасты айтарлықтай бұзатын жаңалық естейсіз. Сізді қуанта қоймайтын жаңалыққа дайын болыңыз. Жалпы сіз биік шыңдарды бағындыра алатын жансыз. Тек өзіңізді көп шаршатпаңыз.

Шаян
Жұмыста сәттілік серігіңізге айналады. Қандай болмасын өзгерістерге дайын болғаныңыз жөн. Өзгелердің көмегін күтіп отырмай, барлығын өзіңіз жасаңыз. Сізге барлығы тек өз маңдай термен келетінін ұмытпаңыз.

Арыстан
Бүгінгі күн қуанышқа толы болмақ. Жазғы демалысыңызды қайда өткізетініңізді қазірден жоспарлаңыз. Саяхаттауды жоспарласаңыз бүгін билет алып қойғаныңыз жөн. Сондай-ақ бүгін достармен кездесіп, үйге қонақ шақырыңыз.

Бикеш
Шағын саяхатқа аттанасыз. Басы бос «бикештердің» бүгін жолы болады. Айдың басында танысқан адамыңызбен көңіл жарастыруға бекініңіз. Аздаған шығынға ұшырауыңыз мүмкін. Сондықтан үнемдеуді ұмытпаңыз.

Таразы
Шамалы күнге демалыс алғаныңыз жөн. Демалыстың реті келмесе, сенбі, жексенбі күндері үй тірлігіне араласпай, демалғаныңыз дұрыс. Бүгін орын алатын оқиғаларға аса мән берудің қажеті жоқ. Ұсақ-түйекке бас ауыртпаңыз.

Сарышаян
Біраз уақыт бұрын отбасында болған кикілжіңді жоюға, маңызды мәселені шешуге қолайлы күн. Сізді толғандырып жүрген мәселенің басын ашып алғаныңыз жөн.

Мерген
Жақын адамдарыңызбен жақсы қарым-қатынас орнатуға қолайлы күн. Бүгін құжаттарыңызды ретке келтіріп қойыңыз. Қызметте лауазымыңыз жоғарылауы немесе жалақыңыз өсуі мүмкін.

Тауешкі
Күш-қуатыңыз сарқылғанын сезсеңіз, спортпен шұғылданыңыз. Биге қатысып, ұзақ серуенге шығыңыз. Дене белсенділігін арттыру мен қуану денсаулығыңыздың нығаюына көмектеседі.

Суқұйғыш
Үйіңізге мол табыс келгелі тұр. Бұл табыс маңызды мәселелерді шеше алады. Тек алға қарай ұмтылып, әрекет жасауды ұмытпаңыз. Алдағы күндеріңізді жоспарлап үйреніңіз. Ең болмағанда бір жылға жоспар жасаңыз.

Балықтар
Басшылықтың айтқанын бұлжытпай орындаңыз. Өзгешелік жасаудың қажеті жоқ, тек басшылықтың тапсырмасын ғана орындағаныңыз дұрыс. Өзіңізге көңіл бөліп, денсаулығыңызды күтіңіз.
21 ақпан 2019 ж. 441 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области