Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ауыл тұрғындарына спутниктік қабылдағыштар тегін беріледі - Дәурен Абаев

Ауыл тұрғындарына спутниктік қабылдағыштар тегін беріледі - Дәурен Абаев

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев шалғай жатқан ауылдарды цифрлық теледидармен қамту жайында айтты, деп xабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Министрдің айтуынша, әлеуметтік аз қамтылған тұрғындарға цифрлық телевизияға қажетті абоненттік құралдар тегін беріледі.
«Ал цифрлық сигналдардан шалғай орналасқан елді мекендер отандық «OTAU TV» спутниктік қабылдағыштарымен (спутниктік тарелкалар) қамтылады. Ол үшін сол аймақтың жергілікті бюджетінен қаржы бөлінген. Сонымен қатар, біз бос тұрған жиіліктерді ұялы байланыс сапасын арттыру мақсатында пайдаланамыз», - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде.
Айта кетейік, отырыста Дәурен Абаев цифрлық телеxабарларға қосылатын облыстарды атады. Былтыр елімізде аналогтық теле-радио xабарларды таратуды кезең-кезеңімен тоқтату жұмыстары басталған болатын. Бүгінде төрт аймақ - Маңғыстау, Түркістан, Жамбыл облыстары және Шымкент қаласы толығымен цифрлық теледидарға көшті.
«Осылайша ауылдағы ағайын 15 отандық телеарнаны, ал облыс орталығының тұрғындары 30 арнаны жоғары сапада тамашалап отыр. Биыл біз Алматы, Павлодар мен Қостанай аймақтарын цифрлық xабар таратуға ауыстыруды көздеп отырмыз. Осы бағыттағы жұмыстар 2022 жылы толық аяқталады деген жоспарымыз бар», - деді Д.Абаев министрліктің алқа мәжілісінде.

20 ақпан 2019 ж. 437 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области