Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қазақстанда бүгін қар жауып, жел күшейеді

Қазақстанда бүгін қар жауып, жел күшейеді

Қазақстан аумағы бойынша фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.

Соған байланысты жауын-шашын, күндіз оңтүстік-шығысында, шығысында таулы аумақтарында - қатты қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейді.
Шығыс-Қазақстан, Қарағанды, Ақмола, Түркістан облыстарының кей жерлерінде тұман, бұрқасын, көктайғақ болып, жел 15-20 м/с жылдамдықпен еседі, Шығыс-Қазақстан облысында күндіз желдің екпіні 23 м/с болуы ықтимал.
Алматы, Жамбыл, Батыс-Қазақстан облыстарының кей жерлерінде - тұман түсіп, көктайғақ болып, жел секундына 15-20 м/с жылдамдықпен еседі. Солтүстік-Қазақстан, Павлодар облыстарының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 15-20 км жылдамдықпен ұйтқиды. Күндіз Солтүстік-Қазақстан облысында желдің екпіні 25 м/с болады.
Қостанай облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын болып, желдің күші секундына 15-20 м/с-қа жетеді.
Маңғыстау, Ақтобе облыстарының кей жерлерінде желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді. Қызылорда, Атырау облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

21 ақпан 2019 ж. 307 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области