Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » “Қытайдан келген гельді жұмыртқалардың” қалай жасалатыны белгілі болды (видео)

“Қытайдан келген гельді жұмыртқалардың” қалай жасалатыны белгілі болды (видео)

“Ыстықкөл құсфабрикасы” кәсіпорынының директоры Сталбек Мамбеталиев “резеңкелі” жұмыртқалардың қалай пайда болатынын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Директор ветеринарлық және фитосанитарлық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік инспекцияның мамандарына жұмыртқалардың жасалуын көрсетті.
“Қатты суыққа ұшыраған жұмыртқалар қайнағанда осындай тығыз болып қалады. Тауықтың жұмыртқасын қолдан жасау мүмкін емес”, — деді Мамбеталиев.
Директор бірнеше жұмыртқаларды, сонымен қатар, тоңазытқышта жатқандарды қайнатты. Сосын қытайдың жасанды заты деп мәлімдеме жасаған Оштың тұрғыны сияқты жұмыртқаларды көрсетті.
Осыған дейін желіде Өскемендегі “пластмассалық” жұмыртқалар жайлы видео пайда болған.
“Бүгін жұмыста Қытайдан келген пластмассалық жұмыртқаларды көрсетті. Енді Қазақстанға да жетті. Олар үстелде ары-бері теңселетін ойыншықтар сияқты тұрады. Әдейі жардық ал ішінде гель. Жұмыртқаның таңбасы бар. Қайнатсаң, ағарады. Байқаңыздар, сатып алғанда абай болыңыздар”, — дейді кадр сыртындағы дауыс.
Осы видеодан кейін ветеринарлық бақылаудың мамандары мен санитарлық дәрігерлер облыстағы дүкендер мен жаппай сатып алуға болатын сауда орындарын тексерді. Қазақстанның Бас санитарлық дәрігері видеоны 100 пайызға фейк деп атады.
25 ақпан 2019 ж. 421 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области