Жұлдыздар не дейді?
Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 26 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қалтаңыздағы қаржыңызды қалай жұмсау керек екенін жақсы білесіз. Барлығы өзіңіз ойлағандай болмағанымен көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Алдағы уақытта айтарлықтай өзгерістер болуы мүмкін. Бірақ бұл өзгерістер сізді еш қобалжытпайды.
Торпақ
Қоғамдық шараға атсалысасыз. Бұл сізге өз пайдасын тигізеді. Алдыңызда жаңа таныстықтар күтіп тұр. Бұл таныстықтар маңызды жоспарларыңызды іске асыруға және жаңа мүмкіндіктерге жол ашады.
Егіздер
Бүгінгі күнде тек көңілді өткізіп қана қоймай, өміріңізді жаңа арнаға бұрасыз. Тек асықпаңыз. Шыдамдылық танытып, сақ болғаныңыз жөн. Сабырлы қалпыңыз жақындарыңызға ұнайды. Сіз оларға көмекші, әрі кеңесші боласыз. Кешке ешқандай жоспар құрмағаныңыз дұрыс.
Шаян
Бүгінгі күн қарбалас. Жоспарлаған істеріңіздің барлығын орындап үлгермеуіңіз мүмкін. Отбасындағы жағдайды қалыпқа келтірумен-ақ уақытыңыз өтеді. Араларында кикілжің туындаған туыстарыңызды татуластыру да сіздің қолыңызда. Кейде өзгелерге көмек көрсету үшін өз шаруаларыңызды кейінге қалдыруыңызға тура келеді.
Арыстан
Өміріңізді жақсарту үшін өзгерістердің қажет екенін түсінесіз. Сіз бұл жаңашылдыққа дайынсыз, сондықтан тездетіп өзгеріс жасауға ұмтылыңыз. Алға қойған мақсатыңызға жету үшін барлығына дайынсыз. Сіздің бұл қасиетіңізге барлығы қызыға да, қызғана қарайтын болады.
Бикеш
Ойыңызды әлсін-әлсін өзгертіп отырасыз. Бұл тұрақсыздығыңыздан еш қауіп жоқ. Бір мақсатқа жету қиынға соқса, екіншісіне жетуге мүмкіндік бар. Сіз бұл мінезіңізбен бұрын басқалар жасап көрмеген істі қолға аласыз. Осылайша қарсыластарыңызды шаң қаптырасыз. Өзгелердің қателігінен сабақ аласыз.
Таразы
Қиын болса да ұстамды болуға тырысыңыз. Айналаңыздағылар сіздің титығыңызға тию үшін барлығын әдейі жасап жүрген секілді. Эмоцияға берілмеуге тырысыңыз. Себебі кейбір істеріңізге кейін өкінуіңіз мүмкін. Егер маңызды шешім қабылдау қажет болса, өзіңіздің ішкі түйсігіңізге сүйеніңіз. Өзге адамдардың ақыл-кеңесі еш көмектеспейді.
Сарышаян
Жақын адамдарыңызбен басқосуға қолайлы күн. Жаңа идеялар туындап, сол арқылы жаныңыздағыларды да елітіп әкетесіз. Бұл барлығыңызды да жалықтырмайтын болады. Күтпеген жандармен кездесулер болуы мүмкін. Не болмаса тамаша сауық кешке барасыз.
Мерген
Көздеген мақсатқа жету үшін біраз кедергілерге тап боласыз. Сізге әлдекімнің көмегі қажет болады және сіз ол көмекті ала аласыз. Отбасылық қарым-қатынасты нығайтуға арналған күн. Күтпеген тосынсый болады. Мәселен сіз ұнатқан жан сізді де ұнататынын мойындауы мүмкін.
Тауешкі
Бүгінгі күн қуанышқа толы. Алыстағы ағайыннан жақсы хабар аласыз. Көңіл-күйіңіз көтеріңкі болады. Бұған көптен бері ойлап жүрген арманыңыздың орындалуы әсер етуі мүмкін. Жақындарыңыз сіздің қабағыңыздан-ақ барлығын ұғады. Ақшаға қатысты ешкімге уәде бермеңіз. Қарыз алмаңыз.
Суқұйғыш
Қиындықтар туындауы мүмкін. Сіз үшін пікірі маңызды адамыңыз сеніміңізді ақтамауы мүмкін. Бұл сіз үшін қатты соққы болады. Ұстамды болыңыз, сабырлылық сақтаңыз. Мейлі бұл сіз үшін қиынға соқса да ұрыс-керістен аулақ болу үшін осылай жасағаныңыз дұрыс.
Балықтар
Өзгерістер жасауға деген ниетіңіз керемет. Өзгеріс жасауға асығып-ақ тұрсыз. Бір істі қолға алып, оны орындауға деген құлшынысыңыз артып тұр. Бірақ асықпаған жөн. Себебі бұл күн өзгеріс жасауға аса қолайлы емес. Алайда романтикалық қарым-қатынас орнатуға өте ыңғайлы сәт. Тек жүрегіңізді тыңдап, өз сезіміңізге ерік беріңіз.