Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 24 ақпанға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Қарбалас күн. Бүгін ешқандай іскерлік немесе басқа да кездесуге бармағаныңыз жөн. Себебі сіздердің көзқарастарыңыз әртүрлі болып, бір мәсілеге келу қиынға соғады.

Торпақ
Кейбір қиындықтар мен шешілмеген мәселелер сіздің жан дүниеңізді ауыртады. Туыстарыңыз бен достарыңыздың көмегіне жүгініңіз. Оларға арқа сүйегеніңіз жөн.

Егіздер
Сіз үшін өте сәтті күн. Бүгін жолыңыз болады. Сізге сыйлық жасайтындар табылады. Ұтысқа немесе мол мұраға ие боласыз. Жалпы бүгінгі күн өте табысты болмақ.

Шаян
Барлық іске араласып жүрмесеңіз, олар дер кезінде бітпейді. Бірақ өзіңіз шаршайтыныңыз белгілі. Тым белсенділігіңіз жұбыңыздың да жүйкесіне тиіп, сіздеп бас тартуы мүмкін. Бірақ еш уайымдамаңыз, барлығы сіздің қолда.

Арыстан
Бүгінгі күн жағымды әсерлерімен есте қалмақ. Жаңа таныстықтар жақсы қарым-қатынасқа ұласады. Ішімдік пен сапасыз азық-түлік пайдаланудан сақтаныңыз. Өйткені сіздің жақсы көңіл-күйіңізді осылар ғана түсіре алады.

Бикеш
Бастаған ісіңізді сәтті аяқтап, материалдық жағдайыңыз жақсара түспек. Түстен кейін алға қойған жоспарларыңызды бір тиянақтап алыңыз немесе алған бағытыңызды өзгертіңіз. Шығармашылық жолдағы жандар өздерінің таланттарын танытатын кез келді.

Таразы
Бүгін сәттілік серігіңізге айналып, жұмысыңыз алға басады. Достарыңызбен бас қосқанда күтпеген жерден кикілжің туындап қалуы мүмкін. Сондықтан олармен әңгімелесу барысында сақ болғаныңыз жөн.

Сарышаян
Жұмыстан бір сәтке босап, жай ғана демалыңыз. Жан дүниеңізді байытуға кірісіңіз. Театрға барыңыз, кітап оқыңыз немесе жанға жайлы әуен тыңдаңыз. Кешке қарай уақытыңызды балалармен өткізіп, өзіңіздің бала күніңізді еске түсіріңіз.

Мерген
Сабырлық, шыдамды қалпыңыздан танбаңыз. Соңғы уақытта орын алған жайттар көңіл-күйіңізді түсіруі мүмкін. Алайда барлығы қалпына келетініне сеніңіз. Тыныштықта өз-өзіңізбен қалғаныңыз дұрыс.

Тауешкі
Қаржылық жағдайыңыз жақсарып, соның арқасында жұмысыңыз алға басады. Бірақ өткен күндері қиналған сәттеріңізді ұмытпағаныңыз жөн. Көп уақытыңызды отбасыңызға бөліңіз. Мақсатқа жетудегі жоспарларыңызды өзгерткеніңіз абзал

Суқұйғыш
Бүгінгі күн құбылмалы. Түске дейін барлығы керемет болмақ. Ал түстен кейін отбасылық мәселелер туындап, оны шешуге біраз шығын шығарып, күш-қуатыңызды да жұмсайсыз. Жағымсыз эмоциялардан арылу қиынға соғады. Сондықтан оңаша қалғаныңыз жөн.

Балықтар
Бүгін күтпеген жаңалықтар орын алады. Жақын адамыңыздың өмірі үшін алаңдайсыз. Сонымен қатар бұл күні отбасында кикілжіңдер орын алып, іргесі мықты отбасылар шаңырағын шайқалтпайды. Ал ұрыс-керіске жиі жол беретіндер бұл жолы шектен шығуы мүмкін.
24 ақпан 2019 ж. 520 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области