Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Кәсіпкер нәрестенің еміне қаржылай көмек көрсетті

Кәсіпкер нәрестенің еміне қаржылай көмек көрсетті

«Нұр Отан» партиясының «Жақсылық жаса», «Наурыз Challenge» акциясына Қызылордалық нұротандықтар да белсене атсалысуда, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz партияның облыстық филиалы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Акция бастау алған күнен бастап өңірде 10 астам көп балалы отбасыларға түрлі әлеуметтік көмектер көрсетілді. Қайырымдылық шарасын жеке кәсіпкер, меценат, «Нұр Отан» партиясының белсенді мүшесі Нұрболат Ибраев жалғастырды. Ол 1,5 айлық нәрестенің еміне қаржылай көмек көрсетті.
Нақты айтар болсақ, 15 ақпан күні партия филиалының қабылдауына Алия Бекбауова есімді азаматша 1,5 айлық сәбиінің еміне қаржылай көмек сұрап келген болатын.Ол өз өтінішінде 4 бала тәрбиелеп отырған жалғыз басты ана екендігін және қаңтар айында босанған сәбиінің арқасында грыжа барын жазып, оны Астана қаласына апарып ота жасату үшін жол шығындарына қаражат таппай қиналып отырғандығын айтқан. Осындай қиын сәтте жалғыз басты анаға Нұрболаттың қаржылық қолдауы үлкен көмек болды, әрі нәрестенің сырқатына ота жасауға мүмкіндік туғызды.
«Тағдыр әрбір адамға түрлі сынағын береді. Сондықтан жабырқағанның жанынан табылып, мұқтаждың мұңын тыңдап, көмек қажет еткен жанға қолдау көрсетуді мен де қоғамның бір мүшесі ретінде азаматтық парызым деп санаймын. Мына кішкене бүлдіршіннің еміне көмегім тиіп, шипасы болып жатса менің бір арман – мақсатымның орындалғаны деп білемін және аналар, балалар ауырмасын, жыламасын деп тілеймін», – деді кәсіпкер.
26 ақпан 2019 ж. 392 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области