Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мұғалімдерді сенбілікке шығуға, үйлерді аралауға жүктейтіндер жазаға тартылуы мүмкін

Мұғалімдерді сенбілікке шығуға, үйлерді аралауға жүктейтіндер жазаға тартылуы мүмкін

Қазақстанда мұғалімдерді «сенбіліктер» мен қоғамдық жұмыстарға тартуға құмар шолақ белсенділер үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу ұсынылуда, деп хабарлайды «Астана» телеарнасы.

Мұндай идея «Мұғалім мәртебесі туралы» заң жобасы бойынша Астанада өткен дөңгелек үстел барысында айтылды.
Бұдан бұрын мұғалімдер жалақы көлемін кем дегенде 300 мың теңгеге дейін өсіруді сұраған болатын. Сонымен қатар, еңбек демалысы кезінде екі қызметтік жалақы көлеміндегі жәрдемақы беруді сұраған. Бұл нормалар заңның бірінші жобасында жазылған еді. Алайда мемлекеттік органдар мақұлдаса келе ондай нормалардың көпшілігін алып тастады. Соған қарамастан мұғалімдер әлі де ең алдымен жалақыны көтеру керек деген талап қойып отыр.
«Егер мұғалімдер негізгі міндеттерінен тыс жұмыстарға жегілсе, лауазымды тұлғаға алдымен ескерту жасалады, одан кейін 10 АЕК көлемінде, 25250 теңгеге әкімшілік айыппұл салынады. Міндеттерінен тыс жұмыстар дегеніміз «сенбіліктер», үйлерді аралау», – деді ҚР білім және ғылым қызметкерлерінің салалық кәсіподағы төрағасының орынбасары Айгүл Мұқашева.
Есеп бойынша, қазақстандық жоғары оқу орындары жыл сайын 36 мыңнан астам педагог дайындайды. Соның өзінде жыл сайын мамандар тапшылығы байқалуда. Мұның себептерінің бірі – педагогтер өз мамандығын тастап кетеді.
«Ең бастысы – мұғалімнің айлығы тым төмен. Сосын жұмыстың жүктемесі ауыр. Мұғалімдердің 66 пайызы жалақының төмен екеніне шағымданады», – дейді «Астана» халықаралық ғылыми кешенінің басқарушы директоры Серік Ырсалиев.

astanatv.kz
26 ақпан 2019 ж. 433 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области