Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Үкіметтік комиссия Таразда болған ТЖ себептерін тексеріп жатыр

Үкіметтік комиссия Таразда болған ТЖ себептерін тексеріп жатыр

ҚР Президентінің тапсырмасымен Тараздағы ТЖ себептерін тексеру үшін үкіметтік комиссия құрылды.


Тараз қаласындағы төтенше жағдай туралы ҚР Премьер-Министрі А.Ұ. Мамин шұғыл түрде Қазақстан Президенті Н.Ә. Назарбаевқа баяндады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz Zakon.kz сілтеме жасап.
27 ақпанда сағат 06-21-де Тараз қаласында 9 ықшам ауданындағы 62-ші үйдің 1-3 қабаттары құлаған (алдын-ала мәліметтер бойынша, жарылыс 2-ші қабаттағы 46-шы пәтерде болған).
ҚР ІІМ ТЖК күшімен қажетті мамандар мен техника саны жұмылдырылды, үйдің барлық тұрғындары толық көшірілді. Үйінділер астынан 8 адам шығарылды, оның 2-уі қаза тапқан. Зардап шеккендердің халі — орташа ауыр.
Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ж. Қасымбектің төрағалығымен үкімет комиссиясы құрылды. Комиссия мүшелері Тараз қаласына оқиға орнына ұшып кетті. Апат болған үйдің тұрғындары осы үйге жақын маңдағы №47 мектепке орналастырылды, ыстық тамақпен қамтылды, уақытша тұруға қажетті жағдайлар жасалды. Олармен медицина қызметкерлері мен психологтар жұмыс істеуде.
ҚР ІІМ ТЖК алдын-ала мәліметі бойынша, жарылыс газ жабдығын абайсыз пайдаланудан орын алған.
Жедел штаб құрылды, +7- 7262 - 513575 нөмірі бойынша жедел желі жұмыс істейді.


27 ақпан 2019 ж. 478 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области