Демалыс күндері ауа райы қандай болады?
Синоптиктер 2-4 наурыз күндері ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері кей өңірлерде қар жауып, бұрқасын болады.
"Алдағы демалыс күндері республикада күрделі метеорологиялық жағдаймен болатын ауа райы күтіледі. Қазақстанның басым бөлігінде Ресейдің Еуропалық бөлігінен жылжитын атмосфералық фронттардың әсерінен қар, кей жерлерде бұрқасын, күшті екпінді жел және жылудың әсерінен көктайғақ күтіледі. Оңтүстік облыстарда оңтүстік циклонның әсерінен жаңбыр, жылбысқы қар, дүйсенбіде қатты жауын-шашын болуы ықтимал. Температураның ауытқуы болады, бірақ батыстан басқа аймақтарда климаттық нормадан жоғары сақталады. Батыста температура нормаға жақын және төмен болады", - деді "Қазгидромет" өкілдері.