Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 5 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Біреуге сеніп жұмыс тапсырғыңыз келеді. Бірақ сізге көмек беретін жан табылмайды. Сондықтан барлық тапсырманы өзіңіз орындауға тура келеді. Біраз шығынға да ұшырайсыз. Түстен кейін отбасылық мереке ұйымдастыруға болады. Сонымен қатар туыстарыңызбен әңгіме-дүкен құрыңыз.

Торпақ
Бүгін біраз қобалжулысыз. Сонымен қатар өте сенгішсіз, шындыққа жанаспайтын ақпаратқа да сеніп қаласыз. Дұшпандарыңыз осы осал тұсыңызды біліп, аяқтан шалуы мүмкін. Сондықтан аңғарымпаз болыңыз, ұсақ-түйекке де мән беріп қараңыз. Түстен кейін жақындарыңызбен келіспей қалуыңыз мүмкін.

Егіздер
Жаңа таныстықтар орын алып, сол жандармен жақын араласа бастайсыз. Сіз өзге адамдарды бағалай білесіз. Сонымен қатар жақындарыңызды қуантуға асығасыз. Ішкі түйсіктің көмегіне жүгініп, барлық жұмысыңыз алға басады. Бүгінгі күн үйге жиһаз алуға қолайлы. Таңдауыңызға өкінбейтін боласыз.

Шаян
Қиындықтан қашып құтылу оңай емес. Кедергілер мен қиындықтарға мойынсұнбаңыз. Өзіңізге сеніңіз. Сонда ғана барлығын жеңіп шығасыз. Бүгін сізді қызықты кездесулер күтіп тұр. Шешім қабылдап, кез келген іске пікір білдіріп үйреніңіз. Өз ойыңызды ашық айтудан қорықпаңыз.

Арыстан
Өміріңізде елеулі өзгерістер орын алуы мүмкін. Бір жаңа бастаманы қолға алып, маңызды қадам жасайсыз. Майда-шүйде жұмыстардың өзіне жауапкершілікпен қарайтындығыңыз өзгелерге ұнайды. Олар сізге жақсы ұсыныстарымен шығуы мүмкін. сонымен қатар бүгін алыс туыстарыңызға жолға шығуыңыз да ғажап емес.

Бикеш
Жұмыс жасауға өте ыңғайлы күн. Жаңашылдыққа тез үйренесіз. Жаңадан алған біліміңізді тәжірибе жүзінде пайдалана аласыз. Сонымен қатар бұл күні өзгелердің өмірі сізге сабақ болады. Дегенмен жағымсыз ойларды ойлаудан аулақ болыңыз.

Таразы
Мазасыз күн. Кейбір мәселелердің орын алуына сіздің де қатысыңыз бар. Үнемі асығыс жүріп, кейбір нәрселерді шатастырып алуыңыз мүмкін. іс-әрекетіңізден өзіңіз жиіркеніп, кейде өз-өзіңізден қорқып қалуыңыздан ғажап емес. Жақындарыңыздан ақыл-кеңес сұраңыз, олардың пікірін тыңдаңыз. Сонда ғана көптеген қателіктердің алдын аласыз.

Сарышаян
Күнніңіз сәтті басталмақ. Өзге адамдардың азғыруларына ермей, өз ұстанымдарыңызды сақтай аласыз. Бұл өз кезегінде қателіктердің алдын алып, жұмыстағы қиын мәселелердің жауабын табуға көмектеседі. Біраз жұмыстарды аяқтау мүмкін емес. Бірақ бүгін болмаса ертең соңына жеткізеріңіз анық. Қаржылық жағдайыңыз аздап қиындай түспек.

Мерген
Жұмысқа көп уақыт жоғалтасыз. Тіпті, оңай деген жұмыстың өзі қиынға соғуы мүмкін. Бірақ сіз барлығын соңына дейін жеткізесіз. Жұмысыңыз жемісті болмақ. Өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Көңіліңізде ешқандай алаңдаушылық немесе қорқыныш жоқ. Сізді бүгін тосынсыйлар күтіп тұр.

Тауешкі
Өте керемет күн. Бүгінгі күн қаржылық мәселені бірыңғайлауға таптырмас уақыт. Ақшаны босқа шашпайсыз. Жұмыста да жолыңыз болып, әрбір ісіңіз жемісті болмақ. Басы бос «тауешкілер» өмірлік серігін тауып, сол жанмен басқосуға шешім қабылдайды. Ең бастысы өз мүмкіндігіңізді жіберіп алмаңыз.

Суқұйғыш
Өзіңізге таныс жұмыспен айналысыңыз. Ал егер өзіңіз білмейтін шаруаны қолға алар болсаңыз, онда бастаған ісіңізді соңына дейін жеткізу қиын болады. Сіз барлық нәрседен кемшілік іздейсіз. Бұл ісіңіз жақындарыңызға ұнамай, олармен келіспей қалуыңыз мүмкін. Сондықтан ұрыс-керістен өзіңізді алшақ ұстаңыз. Еш алаңдамаңыз және сізді жақсы көретін жандармен шынайы қарым-қатынас жасаңыз.

Балықтар
Жоспарларды талдап-таразылап алыңыз. Сонда ғана күніңіз сәтті өтеді. Уақытты босқа өткізбей, өмірлік ұстанымдарыңызбен айналысыңыз. Алға қойған мақсаттарыңызға жетесіз немесе қиын да, жауапкершілігі жоғары істі аяқтайсыз. Кездесулерді түске дейін өткізіп, түстен кейін тыныштықта атқаруға тиіс істермен айналысыңыз. Оқуда жаңа табыстарға жетесіз.
05 наурыз 2019 ж. 540 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области