Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Әскери қызметшілер латын әліпбиін меңгеруге дайын

Әскери қызметшілер латын әліпбиін меңгеруге дайын

Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментте «Латын әліпбиіне көшудің маңыздылығы» тақырыбында семинар өтті, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz департаменттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жиында сөз алған «Тілдерді оқыту орталығының» директоры Н.Мусаева, семинарға келген Отан қорғаушыларға латын әліпбиінің маңызы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
«Тілдерді оқыту орталығының» әдіскерлері мен мемлекеттік тіл оқытушылары көшбасшымыздың салиқалы саясатын қолдай отырып, мемлекет тарапынан ұйымдастырылатын оқу-семинарларына жиі қатысып, білімдерін шыңдауда. Латын әліпбиін кез-келген мекемеге уақыт талабы жүйелі болса, ақысыз негізде меңгертуге ұжымдастарым дайын», - деді Н.Мусаева.
Қазақ тілінің оқытушысы Г.Айдарова латын әліпбиіне қатысты алдымен жазылым дағдысын және мәтіндерді оқыту арқылы оқылым дағдысын қалыптастыру жұмыстарын жүргізді. Тест тапсырмалары арқылы түсіндірілген дәрістің нәтижесін ZipGrade бағдарламасы арқылы жылдам тексерілді. Әскери қызметшілерде латын әліпбиін меңгеру деңгейі бойынша өзара пікір алмасты.
Семинар соңында Гауһар Айдарова тыңдаушыларды сергіту шеңберінде психологиялық тренингтер де ұйымдастырды.

05 наурыз 2019 ж. 453 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области