Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 7 наурызда жел күшейіп, көктайғақ болады

7 наурызда жел күшейіп, көктайғақ болады

7 наурызда Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, солтүстік өңірлерде қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ болады, жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с жетеді.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман түседі. Павлодар облысының кей жерлерінде көктайғақ, тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі, күндіз кей жерлерінде жел 15-20 м/с, екпіні 23-28, кей уақыттарда 30 м/с.
Ақтөбе, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі, күндіз Жамбыл облысында, түнде Ақтөбе облысында жел 15-20 м/с күшейеді.
Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде тұман түседі.
Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында, түнде Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі. Қарағанды, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде көктайғақ болуы ықтимал.

07 наурыз 2019 ж. 387 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қаңтар 2026    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области