Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 8 наурыз әйелдердің мейрамы болса да, ерлер оны өте жақсы тойлайды - Нұрсұлтан Назарбаев

8 наурыз әйелдердің мейрамы болса да, ерлер оны өте жақсы тойлайды - Нұрсұлтан Назарбаев

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ақордада бір топ әйелдер қауымымен кездесті, деп xабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

"Бүгін қандай әдемісіңдер бәрің! Керемет! Бүгін Сіздерді 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтайын деп шақырдым. Қазақстанның қыз-келіншектері, аналар, апалар мына залдың ішіне сыймайды. Бүгін кешке қарай үлкен концерт болады. Сол жерде барлығыңызды тағы құттықтайтын боламыз", - деді Н.Назарбаев.
Мемлекет басшысының айтуынша, 8 наурыз асыл аналарымыз бен қызғалдақтай құлпырған аяулы қыз-келіншектеріміздің мейрамы болса да, ерлер оны өте жақсы тойлайды.
"Ананың құдіреті шексіз. "Оның алдында бүкіл дүние бас иеді" деп тегін айтылмаса керек. Ерте заманда жауласқан жұрттың ортасына ана ақ жаулығын тастаған кезде соғыс тоқталып, бітімге келетін болғанын білеміз. Дәстүрімізді барынша сақтап келе жатқан біз әйел затын әсіресе қадірлейтін xалықпыз. Қазақ ұлты қыз баланы әр уақытта алақанына салып, аялап отыратын. Бұл салтымыз отбасы үшін бұзылмас заңдылыққа айналып келеді. "Ана" деген қастерлі сөзді естігенде тебіренбейтін жүрек жоқ, толқымайтын көңіл болмайды", - деп атап көрсетті Н.Назарбаев.
Айта кетейік, кездесуге көпбалалы аналар, кәсіпкер әйелдер, танымал әртістер, ақын, құқық қорғаушы қыз-келіншектер қатысты.

07 наурыз 2019 ж. 624 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области