Айсәуле Бақытбектің ұзатуға киген көйлегі 250 мың доллар тұра ма?
Жақында ұясынан ұзатылған Айсәуле Бақытбектің көйлегі қызу талқыға түскен еді. Кейбір БАҚ құралдары отандық дизайнердің қолынан шыққан бұл көйлек 250 мың доллар тұрады деп ақпарат таратты. Шын мәнінде солай ма?
"Аруназ" сән үйінің жетекшісі Назым Карпыкова 31 арнаның "Айта берсін" бағдарламасында жауап берді, деп жазады Stan.kz.
Сәнгердің айтуынша, бұл көйлекті күн-түн демей 8 қыз тіккен.
"Swarovcki тастарымен көмкерілген, матасы Италиядан арнайы алдырылған. Суреттен, видеодан мүмкін көрінбеді. Бірақ тірідей көргенде, әрбір бисері, моншағы, әрбір паеткасы біздің қолымыздан шыққан дүние. Қауырсын страустың қауырсынынан. Сәукелені де біз тіктік. Сәукеленің әрбір оюын біздің қыздар ойлап шығарған.
Қазір 250 мың доллар тұрады деп шу болып жатыр. Бірақ біз ондай бағаға тіккен жоқпыз", - деп ағынан жарылды дизайнер.
Сәнгердің айтуынша, елді шулатқан көйлектің құны – 5 миллион теңге.