Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Отандық танымал әншілер қыз ұзатқаны үшін қанша гонорар алады?

Отандық танымал әншілер қыз ұзатқаны үшін қанша гонорар алады?

Қыз ұзатуды сәнге айналдырған шоу-бизнес өкілдері бұл қызметі үшін қомақты ақша талап ететін болып шықты. Өнер иелерінің арасында ең арзан бағаға қыз ұзататыны - Ақбота Керімбекова, деп жазады "31" арнаның "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.


Ақбота Керімбекова
Жақында ғана келінді болған Керімбекова қыз ұзату үшін 370 мың теңге қаламақы сұрайды. Әзірге өнер әлемінде қыз ұзатқаны үшін ең аз гонорар талап ететін әнші - Ақбота Керімбекова болып тұр.

Индира Расылхан
Алматыдан Астанаға қоныс аударған әншінің бір қызды ұзатып салуы - 450 мың теңге тұрады.
Ал Салтанат Бақаева мен Сиви Махмуди қыз ұзату құнын бірдей қылып белгілеген.
Яғни жоғарыдаға өнер иелерінің қаламақысы - 750 мың теңге.
"Айта берсіннің" мәліметіне сүйенсек, Салтанат Бақаева бір айда онға жуық қызды құтты орнына қондырады.

Сиви Махмуди қыздарды көпшіліктің көңіліне қарап ұзататынын жеткізді.
"Жалпы мен адамның көңіліне қараймын. Көбісі "Сіздің жолыңызды берсін. Сіз сияқты бақытты болсын" деп ырымдап жатады. Сондықтан мен "Жоқ" дей алмаймын. Қолдан келгенше баруға тырысамын", - дейді Сиви Махмуди.

Тамара Асар
Тамара Асардың қыз ұзату құны - 1 млн 200 мың теңге. Әнші қыз ұзатуға арналған әндердің репертуарында өте көп екенін де айта кетті.
"Қыз ұзату" тойына арналған әндер өте көп. Ең алғашқы әнді өзім шығардым. "Көзімнің ақ пен қарасы", "Алақаннан ұшқан аққуым", "Ақ баян" секілді әндерім бар. Өзімнің ұзатылуымда "Ақ баянды" қосып қойғанбыз", - деді әнші.

Жазира Байырбекова
Талай қызды ұзатып жүрген Жазира Байырбекованың қаламақысы - 3 мың АҚШ доллары.
Мәліметке сүйенсек, әнші гонорарды тойға дейін алдын-ала шотына аударуды талап етеді.
Естеріңізге сала кетейік, осыдан, біраз уақыт бұрын Меруерт Түсіпбаева ажырасқан өнер иелерінің қыз ұзатуына қарсы шыққан болатын.

11 наурыз 2019 ж. 955 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области