Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жұлдыздар не дейді?

Жұлдыздар не дейді?

Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігінің 14 наурызға арналған жұлдыз-жорамалы.
Тоқты
Кез келген жұмыста серіктестік танытуға қолайлы күн. Егер де сізге әлдекім бірлесіп жұмыс жасауды ұсынса, қарсылық танытпағаныңыз жөн. Айтарлықтай нәтижеге қол жеткізуге мүмкіндік бар. Кейбір «тоқты» белгісіндегілер қызметте жоғарылайды. Дегенмен сіздер үшін алғашқы орында отбасы мен жақындарыңыз тұрады.

Торпақ
Жағдай қиындағанымен, өзіңізге деген сенімділікті жоғалтпаңыз. Әсіресе, жақында ғана маңызды шешім шығарған жандар өз күштеріңізге сеніңіздер. Егер таңдау жасап үлгерген болсаңыз, өткенді ойламай, күдіктен арылып, алға қарай ұмтылыңыз. Түстен кейінгі уақытты отбасыңызға арнаңыз.

Егіздер
Қай істі бастаймын десеңіз де мүмкіндік мол. Жақындарыңыздың қолдауы сізді қуантады. Олардың қолдауының арқасында өзіңізге деген сенімділігіңіз артады. Қаржылық жағдайыңыз да жақсарып, сізге керек ақша дәл уақытында табыла кетеді.

Шаян
Жалғыз жүріп те жетістікке жете аласыз. Бірақ көптің көмегі сізге артықтық етпейді. Жаңадан идея пайда болып, оны жүзеге асыруға асығасыз. Сонымен қатар бұл күні таныстарыңызға көмек көрсетесіз. Бұрын жақын қарым-қатынаста болған адаммен қайта жолығып, ескі байланысты жандандырасыз.

Арыстан
Табысқа жету оңай, дегенмен арқаны кеңге салмағаныңыз жөн. Қарсыластарыңыз осы сәтті өз пайдасына жаратуы мүмкін. сондықтан сақ болыңыз. Бұл күні қалтаңыз қалыңдайды. Бірақ кірген кіріс солайымен қайта шығуы мүмкін. Жақындарыңыз сіздің көмегіңізге мұқтаж. Бүгін қонақ күтуге қолайлы күн.

Бикеш
Қаржылық жағдайыңыз қиын. Көп шығынға ұшырап, алашағыңыз көп күттіреді. Мұндайда достарыңыздан немесе туыстарыңыздан көмек сұраңыз. Несие алмауға тырысыңыз. Жақындарыңыздың сіздің атқарып жүрген ісіңізге көңілі толады.

Таразы
Пайдалы істермен айналысыңыз. Жеке жобаларыңызбен жұмысты бастаңыз немесе ескі жоспарларыңызды қолға алыңыз. Өзіңіздің күш-қуатыңызға сенсеңіз жетістікке тез жетесіз. Бүгін келіссөздер жүргізген болсаңыз, барлығы сәтімен аяқталмақ. Отбасында өзгерістер орын алады. Үйде жөндеу жұмыстарын бастайсыз немесе жаңа үйге көшесіз.

Сарышаян
Алдыңызға тым биік мақсаттар қоймағаныңыз дұрыс. Егер сіз қиын жобаларды қолға алған болсаңыз, жагныңызға сенімді серіктестер жинаңыз. Жалғыз жұмыс жасау қиынға соғады. Жақындарыңызбен кикілжіңдер орын алады. Бірақ сіз сабырлылық танытып, ұрыс-керістің алдын аласыз.

Мерген
Сөзіңіз бен ісіңізге абай болыңыз. Аңдамай сөйлеп немесе оқыс әрекет жасап өзгелердің сізге деген ойын өзгертіп алмаңыз. Жақындарыңыздан көмек күтпегеніңіз жөн. Олар өз шаруаларынан босамайды. Маңызды деген мәселелердің барлығын өзіңіз шешуге тура келеді. Ойланып әрекет етсеңіз қателіктерге бой алдырмайсыз.

Тауешкі
Аздап шығынға ұшырайсы. Үнемшілмін деген «тауешкі» белгісіндегілердің өзі ойланбастан біраз қаражат жұмсап қояды. Басқа қырынан бұл күн өте керемет болмақ. Жаңа тәжірибе жасап көруге құмар «тауешкілер» өмірін жақсы арнаға бұрады. Жұмыста жетістікке жетесіз, бұл жетістігіңіз ескерусіз қалмайды. Кикілжіңнен бойды аулақ ұстағыңыз келсе өзгелердің ақыл-кеңесін алмауға тырысыңыз. Бұл жағдайда сізден басқа жандар мұның шығар жолын білмейді.

Суқұйғыш
Күнделікті ісіңізбен айналысыңыз. Ескі таныстарыңызға өзіңіз туралы естеріне салып қойыңыз. Олармен қайта байланыс орнату көңіл-күйіңізді көтереді. Сондай-ақ бұл байланыс арқылы бірлескен істі атқаруға мүмкіндік туады. Бұрынғы романтикалық қарым-қатынастар қайта орнығуы мүмкін. Бірақ бұл қарым-қатынас сізге шынымен қажет пе?

Балықтар
Сіз өз күшіңізге сенесіз. Бұл көпшілікке жағымды ой қалыптастыруы мүмкін. Сондықтан сіздің кеңесіңізге тәжірибелі мамандардың өзі жүгінетін болады. Түске дейінгі уақыт сауда-саттық жасауға, соның ішінде ірі көлемде зат сатып алуға қолайлы сәт. Ал кешкі уақытта ойын-сауық құрыңыз немесе қонақ күтіңіз.
14 наурыз 2019 ж. 482 0

Ұқсас жаңалықтар:

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области