"Ішің тар екен": Димаштың табынушылары Әли Оқаповты аяусыз сөгіп тастады
Әли Оқапов Димаш Құдайбергенге қатысты ойын ортаға саламын деп басы бәлеге қалды. Өнердегі інісінің хит әні жоқ екенін бетіне басқан әншіні желі оқырмандары жерден алып, жерге салуда деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Әли Оқаповтың Instagram парақшасын Димаштың ашуға булыққан табынушылары жаулап алған. Олар Роза Рымбаеваның ұлына теріс пікір жазуды тоқтатар емес.
Димаштың әндерін сүйіп тыңдайтын қауым оны сынап тастаған отандық жұлдыздың желіде масқарасын шығарды.
Оқырмандар Әли Оқаповты "мүлде әнші санатына жатқызбайтындарын" айтып, оған алдымен "өз өнерін жөндеп алуға" кеңес берген.
"Димаш дейді. Сен әнші болсаң, әнші шығарсың. Алайда, алдымен сен адам болуың керек. Сол себепті, менің сізден қатты көңілім қалды. Ішіңіз тар екен";
"Қадіріңді кетіріп Димашқа хит әнің жоқ деп тиісіп айтпай-ақ қой, сен өзіңе қарап ал. Сенде бар ма хит ән? Мәселен мен сені әнші деп есептемеймін";
"Айналайын Әли, сен әуелі Димаштай болып ал. Сенің Димаштай тіпті даусың да жоқ қой";
"Өтірік келіп фонограммамен айтасың. Бізге сен сияқты әншінің керегі жоқ. Даусың да, тембрің де жоқ";
"Димашта хит өлең жоқ дейсің, сенде ше? Хит ән бар ма? Көре алмайсың! Түк даусың да жоқ, фонограмма аман болсын саған. Сенімен Димашты жанды дауыста айтқызбасын, масқараң шығар";
"Әли сенің Димаш жайлы айтқаның еркектікке жатпайды. Димаштың даусының өзі хит, сенде ол да жоқ. Әлде қызғаныштан ішің жарылайын деп жүр ме? Одан да қуанбайсың ба отандасың, жерлесің әлемді бағындырып жатқанына";
"Бір концерт бердім деп мақтанып болмайсыз, Димаштың хит әні жоқ деп сынап! Димаш бұндай концерттерді Лондонда, Москвада, Қытайдың барлық қаласында беріп тастаған! Сол үшін өзіңізді ұятқа қалдырмаңыз. Сіздің әндеріңізді тыңдайтындар шамалы. Бір сарынды өлеңдер де, бейнебаяндар да", - деп жазған ашулы жанкүйерлер.