Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Димаш Құдайберген Ресейдегі ең сәнқой ерлер байқауында алда келе жатыр

Димаш Құдайберген Ресейдегі ең сәнқой ерлер байқауында алда келе жатыр

Қазақстандық әнші Димаш Құдайберген Ресейдегі 2019 жылғы ең стильді ерлер байқауында алдыңғы сапта келе жатыр, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Димаш Құдайбергеннің америкалық жанкүйерлерінің клубы Инстаграмдағы парақшасында әншінің Ресейдегі ең стильді ерлер байқауына қатысып жатқанына байланысты құттықтау жолдады. HELLO! журналы мен HELLO.RU сайтында ең стильді жұлдыздар байқауы өтіп жатыр. Әр апта сайын басылым «Ресейдегі ең стильді жұлдыздар - 2019» атағына үміткерлердің «Классика», «Casual», «Богемдық салтанат», «Ең стильді жұп» аталымдары бойынша есімдері мен суреттерін жариялайды. Әр аталым бойынша жеңімпаздарды sms-хабарлама жіберу арқылы оқырмандар анықтайды. «HELLO!» журналы атап өткендей, «ерекше әсер қалдыра алатын табысты, жарқын және талантты кейіпкерлер конкурсқа қатысады, олар стильді киінген адам әрдайым жеңімпаз болатынын дәлелдейді». Димашпен бірге «Ең стильді адам» атағын алу үшін тележүргізуші Иван Ургант, режиссер, актер және продюсер Федор Бондарчук, сондай-ақ рейтингі жоғары актер және шоу-бизнес өкілі Андрей Бурковский, продюсер Алексей Киселев сияқты танымал адамдар бақ сынауда.
«5 октавадан асатын бірегей дауыс иесі Димаш Құдайберген Қытайды өзіне қаратты, ал 22 наурызда ол ресейлік Кремльді де таңдандырады», деген басылым әншінің алдағы Мәскеуде өтетін концертін еске салды. Dimashusafanclub атап өткендей, дауыс берудің алғашқы күнінен бастап Димаш өзінің қарсыластарынан оқ бойы озып келеді - дауыс берудің соңына қарай Димаш дауыстың 89 пайызын иеленді. Марапаттау сәуір айында өтеді.
Бұдан өзге, бүгін Димаш Құдайбергеннің 29 маусым күні Астанада өтетін жеке концертіне билеттер сатыла бастайды. Билет құны 500 теңгеден басталады.

18 наурыз 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области