Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Жастарды қолдаудың Жол картасы таныстырылды

Жастарды қолдаудың Жол картасы таныстырылды

Жастар жылында жүзеге асырылатын жұмыстардың Жол картасы әзірленді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Бағдарлама негізгі 4 бағыт пен 84 тармақтан тұрады. Кәсіпкерлікпен шұғылдануы үшін жас буынға биылдан бастап несие беріледі. Тың жобаларды қолға алған жастар тегін оқытылады. Баспана алуға да жағдай жасалмақ. Айталық, биыл Астана, Алматы, Шымкент қалаларында жалдамалы тұрғын үй бағдарламасы бойынша мың пәтер салынып, пайдалануға беріледі. Жұмыс істейтін жастар бұл үйлерді сатып алу құқығынсыз 3 жыл бойы жалдап тұра алады.
«Жалдамалы пәтерге ие болудың негізгі қағидасы – азамат 29 жастан аспауы тиіс. Міндетті түрде жұмыс істеуі қажет. Бағдарламаға заңды түрде еңбек ететін кез келген жас қатыса алады. Бұл – әзірге пилоттық жоба. Нәтижесін көрсетіп жатса, жастарға арналған жалдамалы пәтерлер тек ірі 3 қалада емес, еліміздің өзге де өңірлерінде салынады», - дейді ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі комитеті төрағасының міндетін атқарушы Асхат Оралов

19 наурыз 2019 ж. 384 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области