Тұздың көмегі көп
Астың дәмін келтірер тұздың күнделікті өмірде пайдасы аз емес, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
–Печенье пісіретін болсаңыз, пеште күйіп кетпес үшін табаның түбіне аздап тұз сепкен жөн.
–Жарылған жұмыртқаны пісіргіңіз келсе, ағып кетпес үшін тұзды суда қайнатыңыз.
–Кілемнің үстіне бірнеше уыс тұзды сеуіп, сонан соң шаңсорғышпен тазаласаңыз, кілем жақсы тазарады.
–Жұмыртқаның ағын әдемі араластыру үшін кішкене ғана тұз қосыңыз.
–Ыдыста шайдан қалған дақты кетіруге ыстық тұзды су көмектеседі.
–Кесілген алма қарайып кетпес үшін оған аздап тұзды су себіңіз.
–Бір шымшым тұз сүтті ашып кетуден қорғайды.
–Кесілген пиязға тұз сеуіп қойсаңыз, жаңа кесілген қалпын сақтайды.
–Сүт күйіңкіреп кетсе, аздап тұз қосып, суытыңыз. Дәмі жақсарады.
–Киімдегі сия дағын лимон шырынында ерітілген тұзбен кетіруге болады. Ерітілген тұзды жағып күн сәулесіне кептіресіз. Сәлден кейін дақтың ізі де қалмайды.
–Жаңа шойын табаны пайдаланбас бұрын тұз қыздырып алсаңыз, ешқашан тамақ күймейтін болады.
–Тамақ ауырғанда ауызды тұзбен шайыңыз.
–Қатты тұмауратқанда мұрынмен жылы тұзды суды ішке тартыңыз. Көмегі көп.