Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылордада студенттер үйі салынады

Қызылордада студенттер үйі салынады

Қызылордада студенттерге арналған жатақхана салу жоспарланған, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz «Хабар 24» арнасына сілтеме жасап.

Елімізде студенттер үйі тапшы. Қазақстанда 85 мыңнан аса студент пәтер жалдап тұрады. Осы мәселеге орай, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жыл соңына дейін 45 мың студентке арналған жаңа жатақханалар салу жоспарланған. Бүгінде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығы мен білім және ғылым министрлігі құны 16 жарым млрд теңге болатын 12 келісім жасасты. Нәтижесінде Қызылорда, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында студенттер үйінің құрылысы қарқын алмақ. Бірақ мамандар қазына қаржысын шығындап, жаңасын салудың орнына бос тұрған ғимараттарды жаңғыртудың тиімділігін алға тартады. Бірақ Астанада бұл тәжірибе әзірге қолданылмаған.
Айта кетейік, қазір елордада 17 мың студент жатақханаға зәру.
«2018 жылы Астанада хостелдерді колледж студенттеріне лайықтау бойынша байқаулар басталған. Бірақ талаптар жөнінен біраз сұрақтар туындады. Жалпы Студенттер үйі ретінде қолдануға болатын ғимараттарын ұсынған кәсіпкерлер де бар еді. Әкімдіктегілер жағдайы жақсы хостел иелеріне осындай жобаларға қатысу мүмкіндігін арттыратындай шарт жасауы керек деп ойлаймын», - дейді қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының сарапшысы Айгүл Садықова.

19 наурыз 2019 ж. 441 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области