Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2 ангиографиялық зертхана құрылады

Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2 ангиографиялық зертхана құрылады

Қызылордада мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында 2 ангиографиялық зертхана құру жөніндегі келісімшартқа қол қойылды.


Облыс әкімі Қ.Көшербаев өңірдің әлеуметтік мәселелерін шешуде мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясындағы жобалардың маңыздылығын атап өтті.
"Бүгін біз облыстық медициналық орталықта және Қазалы аудандық орталық ауруханасында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында ангиографиялық зертхана құру туралы екі келісімшартқа қол қойдық. Барлық қажетті шаралар жүргізілді. Қазіргі таңда аймақта мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында құны 34 млрд.теңге болатын 75 жоба іске асырылуда", - деді аймақ басшысы.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ақмарал Әлназарованың айтуынша, қазіргі таңда аймақта 2009 жылы облыстық медициналық орталық базасында орнатылған жалғыз ангиографиялық қондырғы жұмыс істейді, оның көмегімен 5 мыңнан астам зерттеу жүргізіліп, операциялар жасалған. Нормативтерге сәйкес, 1 ангиографиялық қондырғы 250 мың адамға есептелген, аймақта жалпы қажеттіліктің тек 40%-ы ғана қамтылатынын ескерсек, бұл жобаны іске асыру өте қажет.
"Ангиографиялық зертханалардың құрылуымен қатар, алғаш рет аудандық аурухана деңгейінде МЖӘ аясында эндоваскулярлық хирургия енгізіледі, бұл жоғары технологиялық медициналық қызметтерді халыққа қолжетімді етуге мүмкіндік береді", - деді А. Әлназарова.
Айта кетейік, өткен жылы "Медтроник Қазақстан" ЖШС Қызылорда облысында мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында жеке қаржылық есебінен 2 ангиографиялық қондырғы құру туралы бастама көтерген еді.

МЖӘ жобаларын іске асырудың тиімділігін ескере отырып, 75 жобаның 30-ы, яғни МЖӘ жобаларының жалпы санының 40%-ы денсаулық сақтау саласына берілген. Сондай-ақ, спорт, білім беру, цифрландыру салаларын дамыту және ТКШ жаңғырту жобалары қолға алынған.
12 қараша 2018 ж. 510 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области