Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » 21 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

21 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Наурыз мейрамы
«Наурыз» сөзі парсының «нөу» - жаңа, «руз» - күн деген сөздерінен қалыптасып, жылдың бірінші күнін білдірген.
Бұл мереке бірнеше мың жылдан бері аталып келеді. Қазақстан Наурызды мемлекеттік мереке ретінде 1999 жылдан бастап атап өтіп келді. 2008 жылдың 25 маусымындағы «Қазақстан Республикасындағы мереке күндері туралы» Заңға өзгертулер мен толықтырулар енгізілуіне байланысты, 2009 жылдан бастап 3 күн бойы атап өтіледі.
Қазіргі кездегі Наурыз көне дәуірдегі дәстүрлер сабақтастығын сақтап қалған - ұлттық мәдениетті қалпына келтіруде бұл «уақыт байланысының», Қазақстан тарихы мен қазіргі кезеңінің аса маңызды жалғастырушы буыны.
1972 жылы Алматы қаласының Әуезов ауданы құрылды.
1997 жылы Алатау мен Мәскеу аудандарының жойылуына байланысты қайта әкімшілік-аумақтық бөлініс болды.
2008 жылы «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығын беру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығы шықты. - бейбітшілік және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді, мемлекетаралық қатынастарда теңдік пен бірдей қауіпсіздікті нығайтуға бағытталған белсенді қызметі үшін сыйлық беріледі; - қоғамдық және ұлтаралық келісімді орнықтыруға, Республиканың көпұлтты халқының бірлігін нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін; - демократия мен әлеуметтік прогресті дамытқаны үшін; - Қазақстан ұлттары мен ұлыстарының мәдениеті мен тарихи дәстүрлеріне деген құрметті қалыптастыратын терең ойлы публицистикалық шығармалар үшін берілетін болады. Мемлекеттік сыйлық жыл сайын Қазақстан Республикасының азаматтарына және шетелдіктерге беріледі, сондай-ақ отандық, халықаралық және шетелдік ұйымдарға берілуі мүмкін. Мемлекеттік сыйлыққа ие болған адамдарға «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығының лауреаты» атағы беріледі, диплом, омырау белгісі, куәлік және ақшалай сыйақы тапсырылады.
2011 жылы Алматыда «Алматы Тауэрс» кешенінің ресми түрде ашылуы болып өтті. Екі 25 қабат мұнарадан тұратын кешен бірден қаланың сәулет сәніне айналып кетті.
2016 жылы Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен 2016 жылғы 20 наурызда өткен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттарын кезектен тыс сайлаудағы «Нұр Отан» партиясының сенімді жеңісіне арналған жеңімпаздар форумы өтті. exit-pool мәліметтеріне сәйкес, партия сайлаушылардың 81,95%-ынан 82,15%-ына дейін дауыс жинаған.
2016 жылы ҚР Парламенті Мәжілісінің Қазақстан халқы Ассамблеясы сайлайтын депутаттарының сайлауы болды. Дауыс беру ҚХА-ның кезектен тыс съезі барысынды елордадағы Бейбітшілік және келісім сарайында өтті.
2017 жылы Түркістан қаласы ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы атанды. Осы күні түркі елдерінің тағдырын тоғыстырған киелі Түркістан төріндегі дүбірлі шараға 23 мемлекеттен келген 300-ге жуық шетелдік қонақ, халықаралық ұйым өкілдері, қазақстандық зиялы қауым және өнер тұлғалары, бұқаралық ақпарат құралдары мен оңтүстікқазақстандық тұрғындар, яғни, жалпы саны 10 мыңға жуық адам қатысты.
21 наурыз 2019 ж. 674 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области