Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Ұлттық тағамның бірі – әсіп

Ұлттық тағамның бірі – әсіп

Әсіп – қазақ халқының ұлттық мәзірлерінің бірі. Әсіп бұл күнде дастарханға қойыла бермейтін, іздегенге табыла бермейтін мәзір түріне айналды. Әсіпті қойдың ішегінен, бүйенінен жасайды. Ол үшін қойдың ішегін айналдыра тазартып жуып алады.
Әсіп ішіне салынатын салмасы әр өңірде әрқалай жасалынады. Әсіпке әдетте қойдың көп желіне бауыр, өкпе салынады. Дегенімен бүгінгі мәзірге еттартқыштан өткен қой еті қосылады.
Алдымен қойдың (жаңа сойылған) бүйенін жақсылап жуып, бір ұшын түйесіз.
Салмасын дайындау үшін күрішті суға бір қайнатып аласыз, таза піспегені дұрыс. Пияз, сәбіз, сарымсақ, дәміне қарай тұз бұрыш қосып, араластырасыз. Мейілінше сұйықтау болғаны дұрыс.
Қойдың ішегіне салманы ас қасықпен мұқият салып шығыңыз, екінші ұшын екі-үш қабатталған жіппен байлайсыз. Ыдысқа салып, су құйып 50-60 минут қайнату керек.
Салма салу барысында ішекке салманы аса қатты толтырмай салған дұрыс. Әсіпті қайнатпас бұрын ілмекпен бірнеше жерден тесіп шығыңыз және қайнау барысында тағы бір рет тесіп қоюға тырысыңыз. Олай етпеген жағдайда, әсіп піскеннен соң жарылып кетуі мүмкін.
22 наурыз 2019 ж. 1 997 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Ақпан 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
2425262728 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области