Жедел көмекке «112» келеді
Өртке қарсы қызметі (101), полиция (102), жедел медициналық көмек (103), авариялық газ қызметі (104) және төтенше жағдайлар қызметі (112) жедел қызметтері біріктірілді. Енді тұрғындардан шұғыл хабарламаларды қабылдау 112 қысқа нөміріне келіп түседі. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Индира Ақжігітова мәлімдеді, деп хабарлайды өңірлік коммуникация қызметі.
Қызылорда қаласында қауіпсіздік саласын цифрландыру бағытындағы «112 бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» жобасы өткен жылдың аяғында іске асты.
"Жоба шеңберінде 15 әмбебап диспетчермен, сондай-ақ әрекет ету және бригадаларды жіберу үшін 7 диспетчермен жүргізіледі. 112 ақпараттық жүйесі - телефон соққан адамның орналасқан жерін көрсетеді, жақын орналасқан және бос экипаждарды автоматты түрде анықтайды, көлік кептелістерін ескере отырып, өтініш берушіге жетудің оңтайлы жолын ұсынады", - деді И.Сансызбайқызы.
Айта кету керек, ұялы телефон байланыс аясынан тыс жерде болса да, кез келген адам хабарласып, хабарлама түсіруге болады.
Алдағы уақытта бұл жобаға аудандар да іске қосылады.