Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » "Ұлы саясаткер". Мемлекет басшылары Назарбаевтың отставкасын қалай қабылдады

"Ұлы саясаткер". Мемлекет басшылары Назарбаевтың отставкасын қалай қабылдады

Қазақстанның тұңғыш президенті кеше телеэфирде өз өкілеттігін тоқтатты, Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның Қауіпсіздік кеңесін басқарады, деп жазады Sputnik.

Ақорданың баспасөз қызметі Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев отставкаға кететінін жариялаған соң мемлекет басшыларымен не жайлы сөйлескенін айтты.
Әлем лидерлері Қазақстан Қауіпсіздік кеңесінің басшысымен алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

Путин мен Назарбаев отставканы талқылады
Мемлекеттер басшылары Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін атқаруын 2019 жылғы 20 наурыздан бастап тоқтатуына байланысты қабылдаған шешімі жөнінде әңгімелесті.

Мирзиеев Назарбаевтың шешіміне өкініш білдірді
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай зор қимастық ниетін білдірді.
Шавкат Мирзиёев Нұрсұлтан Назарбаевты "осындай маңызды шешім қабылдай білетін ұлы саясаткер әрі Президент" деп атады.
Екі ел көшбасшылары алдағы уақытта тұрақты байланыстарын жалғастыра беруге уағдаласты.

"Бауырлас халықтардың қарым-қатынасын нығайтуға зор үлес қосты"
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков те Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.
Қырғызстан президенті Сооронбай Жээнбеков Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел халықтары арасындағы бауырластық қарым-қатынастарды нығайтуға зор үлес қосқанын атап өтті.

Лукашенко Назарбаевпен көп жылғы достығын жоғары бағалайды
Беларусь президенті Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай шынайы қимастық ниетін білдірді.
Александр Лукашенко Нұрсұлтан Назарбаевпен көп жылғы достығын және Қазақстан мен Беларусь арасында орнаған тату-тәтті қарым-қатынастарды жоғары бағалайтынын атап өтті.

Пашинян Назарбаевтың рөлін атап өтті
Армения премьер-министрі Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының президенті өкілеттігін тоқтату туралы шешім қабылдауына орай қимастық ниетін білдірді.
Никол Пашинян Нұрсұлтан Назарбаевтың екі ел арасындағы өзара табысты ықпалдастықты дамытуға елеулі үлес қосқанын атап өтті.

20 наурыз 2019 ж. 506 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области