Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » » МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН КЕЗДЕСТІ

МЕМЛЕКЕТ БАСШЫСЫ ӨЗБЕКСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ШАВКАТ МИРЗИЁЕВПЕН КЕЗДЕСТІ


    Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуі барысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстан Республикасының Президенті Шавкат Мирзиёевпен кездесті.
    Нұрсұлтан Назарбаев Шавкат Мирзиёевтің екіжақты қатынастарды дамыту мен нығайтудағы рөлін ерекше атап өтті.
    – Сіз мемлекет басшысы болғалы өзіңізбен бірнеше рет жүздестік, өзара талқылаған мәселелердің бәрі жүзеге асырылып, жұмыстар атқарылып жатыр. Биыл көп жұмыс істедіңіз, көршілермен өзара қарым-қатынасты реттедіңіз, ондаған жылдар бойы шешілмеген мәселелерді шештіңіз. Өзбекстанда атқарып жатқан орасан зор жұмыстарыңыз үшін ризашылығымды білдіремін және бұл өңіріміздегі барлық елдерге әсер етеді, – деді Қазақстан Президенті.
    Нұрсұлтан Назарбаев бүгінгі консультативтік жұмыс кездесуінің маңызды сипатын атап өтті. Оны өткізу жөніндегі идеяны Өзбекстан Президенті ұсынған болатын.  
    – Біз бүгін барлық әріптестерімізбен бірге экономикалық проблемалар мен күнделікті мәселелерді талқылап, шешу үшін кездесіп отырмыз. Биыл мұндай кездесулер көп болмақ: өзіңіз бастамашы болған Ауғанстан жөніндегі кездесу, Түрікмен тарапы ұсынған Арал теңізіне қатысты кездесу және басқа да іс-шаралар өтеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
    Өзбекстан Президенті Қазақстанға келгеніне ризашылық білдіріп, Орталық Азия елдері басшыларының консультативтік жұмыс кездесуінің аз уақыт ішінде ұйымдастырылғаны үшін Нұрсұлтан Назарбаевқа алғыс айтты.
    – Бүгін мен Сізге консультативтік кездесу өткізу жөніндегі Өзбекстан бастамасын қолдағаныңыз үшін алғыс айтқым келеді. Нұрсұлтан Әбішұлы, Сіз тәуелсіздіктің алғашқы күндерінен бастап әрдайым интеграцияның жақтаушысы болып, барлық кездесулерде бірігу, ынтымақтасу және араласу жөнінде айттыңыз, – деді Өзбекстан Президенті.     
    Шавкат Мирзиёев екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін шешу ісіндегі Нұрсұлтан Назарбаевтың саяси ерік-жігерін атап өтті.  
    – Бүгінде теміржол тасымалы 44 пайызға артқанына, жалпы елдеріміз арасындағы тауар айналымының екі миллиард долларға жеткеніне қуаныштымын. Сізбен өзара келіскеніміздей, бұл көрсеткішті бес миллиард долларға дейін жеткіземіз, – деді Өзбекстан Президенті.  

15 наурыз 2018 ж. 686 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области