Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ант берді

Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді, - деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап.

«Қазақстан халқына адал қызмет етуге, Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарын қатаң сақтауға, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беруге, Қазақстан Республикасы Президентінің өзіме жүктелген мәртебелі міндетін адал атқаруға салтанатты түрде ант етемін», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, бірлескен отырысқа ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев, Үкімет мүшелері, Президентке тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың басшылары, Қазақстанда тіркелген шетелдік миссиялардың басшылары, Сенат депутаттары, Мәжіліс депутаттары қатысып отыр.
Қасым-Жомарт Кемелұлы 1953 жылы туған. Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын, Бейжің лингвистикалық институтын (ҚХР), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын бітірген. ҚР Премьер-Министрі, Мемлекеттік хатшы, Сыртқы істер министрі, Үшінші, төртінші сайланымдағы ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы, БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ-ның Женевадағы бөлімшесінің Бас директоры, Қарусыздандыру конференциясының Бас хатшысы қызметтерін атқарған. 2013 жылғы 16 қазанда ҚР Президентінің Жарлығымен Парламент Сенатының депутаттығына тағайындалып, Сенат Төрағасы болып сайланды.
2017 жылғы 14 қыркүйекте ҚР Парламенті Сенатының отырысында Президенттің ұсынысы бойынша жасырын дауыс беру арқылы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Сенаттың Төрағасы болып қайтадан сайланды.

20 наурыз 2019 ж. 892 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2024    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области