Қызылордада «Допинг» шарасы кезінде 3,5 келіден астам есірткі тәркіленді
Қызылордада «Допинг» арнайы операциясының бірінші кезеңі өткізілді, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz ақпараттық агенттігі.
Кең көлемді «Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы есірткінің заңды айналымы саласында құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталған.
«Допинг» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Қызылорда облысы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлерімен есірткі құралдарының, психотропты заттардың және прекурсорлардың заңды айналымы саласындағы қызметті жүзеге асыратын дәріханалар мен қоймаларға тексеру жұмыстары жүргізілді.
Жедел профилактикалық іс-шарасы барысында 23 құқық бұзушылықтар анықталды.
Заңсыз айналымнан 3 келі 553 грамм марихуанна, 20,7 грамм гашиш тәркіленді.
Іс-шара барысында облыс аумағында орналасқан 9 дәріхана тексеріліп, ҚР ӘҚБтК-нің 426 бабы (фармацевтикалық қызметтің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналысы саласының қағидаларын бұзу) бойынша 9 заң бұзушылық анықталды.