Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс түсті
«Ақ жол» демократиялық партиясы төрағасының орынбасары Қазыбек Иса дүйсенбі күні үш қаланың атын ауыстыру туралы ұсыныс тастады, деп хабарлайды Kyzylorda-news.kz
stan.kz сайтына сілтеме жасап.
Бұл үш қала – Петропавл, Павлодар, Семей.
Демократиялық партия төрағасының орынбасары Қазыбек Исаның пікірінше, Қазақстандағы үш қаланың атын ауыстыру керек.
«Петропавлды – Абылай ханның атымен, Павлодарды – тәуелсіздік үшін күрескен Кенесарының атымен, Семейді – Әлихан Бөкейхановтың атымен атау керек. Біз осылай жалғастыру керекпіз», - деді Иса «Қазақстан-2050» демократиялық күштердің жалпыұлттық коалициясының отырысында.
Сосын ол өз пікірімен бөліскенін айтты.
«Бұл менің жеке ұсынысым, сосын партияның фракциясымен отырыста көре жатармыз», - деп жауап берді Қазыбек Иса журналистерге.
«Ақ жол» демокартиялық партиясы парламенттік партия саналады. Оның мәжілісте депутаттық фракциясы бар.
Естеріңізге сала кетейік, 20 наурыз күні Қазақстан Республикасының президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Елбасының құрметіне Астананың атын Нұр-Сұлтан деп өзгертуді ұсынды. Сол күні үкімет конституцияға сәйкесінше өзгертулер енгізді. 23 наурызда мемлекет басшысы өзгертпелерді бекітіп, жарлыққа қол қойды.