Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » «Ақ жол» партиясы облыстық филиалының төрағасы сайланды

«Ақ жол» партиясы облыстық филиалының төрағасы сайланды

«Бастау» бизнес орталығында «Ақ жол» демократиялық партиясы Қызылорда облыстық филиалының есеп беру-сайлау және партияның XIV Съезіне делегаттар сайлау конференциясы өтті.

Конференция жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ақ жол» партиясы фракциясының мүшесі Кеңес Абсатиров, партияның Орталық кеңесінің хатшысы Әбдіразақ Сұлтанов және партия филиалының ардагерлері мен белсенділері, орта және шағын кәсіп өкілдері, жастар мен студенттерден сайланған делегаттар қатысты.

Конференция өз жұмысын ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылаудан бастады.
Жарыссөзге шыққан конференция делегаттары Президенттің Жолдауына тоқтала келе, партияның облыстық филиалының қол жеткізген жетістіктері мен өз тараптарынан партия жұмысын әрі қарай жетілдіру жөніндегі ұсыныс-пікірлерін ортаға салып, қаралған мәселелер бойынша тиісті қаулылар қабылданды.
Конференцияның күн тәртібіне сәйкес облыстық филиалдың төрағасы болып Жорабек Прманов сайланды.
Сондай-ақ, партияның XIV Съезіне делегаттар сайланып, партия белсенділеріне алғыс хаттар мен партия қатарына кірген азаматтарға партия билеттері табысталды.
26 қараша 2018 ж. 772 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области