Сыр Медиа

жауапкершілігі шектеулі серіктестік
» » Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға айып тағылды

Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханға айып тағылды

Әйгілі композитор Ғарифолла Құрманғалиевтің әнін Бекболат Тілеухан ұрлап алды. Бұл туралы Құрманғалиевтің келіні Ләйлә Құрманғалиева айтты. Оның айтуынша, “Елім менің” әні Ғарифолла Құрманғалиевке тиесілі, деп жазады Stan.kz.

Жазушы Бөрібай Кәртен желіде Халық әртісі, әнші Ләйлә Құранғалиевамен болған сұхбатын жариялады.
“Бекболат Тілеухан біздің отбасымызбен алғаш 1989 жылы танысты. Оны дәлелдеп беретін куәлеріміз бар. Ал, “Елім менің” әнінің авторы Ғарифолла Құрманғалиев. Бұл әннің ұрланғанын үйде ән нотасы жазылған қағаз жоғалып кеткен соң білдік. Оны үйден Бекболат Тәлеухан ұрлап әкеткен. Ал, әннің қолмен жазылған түпнұсқасы қолымызда сақтаулы. Бұл оның дәлелі. Бекболат бұл мәселе үшін қызым Меруерт Санатқызын қорқытып, ол туралы өсек таратты”, – деді Құрманғалиева.
Әншінің айтуынша, әнді атасы 1977 жылы жазып, нотаға түсірген.
“Мен 72 жастамын. Бұл жаста ешкімге жалған кінә артпаймын. Әділетті талап етем. Әннің өз отбасына қайтуын қалаймын”, – дейді ол.
Бұған дейін блогер Айгүл Орынбек Бекболат Тілеуханды ән ұрлады деп айыптап, “Елім менің” әнінің нотасын жариялаған еді.
“Тілуханның орындауындағы “Елім менің” әні нақты осы әуенді қайталайды. Бұны Ғарифолла Құрманғалиев 70-жылдары жазған. Сараптамада сиямен жазылған қағаздағы нотаның 70-жылдары жазылғаны анықталды”, – деп атап өтті блогер нота суретін жариялай отырып.


26 наурыз 2019 ж. 572 0

Біздің басылымдар

Сыр бойы
Кызылординские вести
Kyzylorda-News
Ақмешіт апталығы
Ақмешіт жастары
Өскен өңір
Тіршілік тынысы
Қазалы
Толқын
Қармақшы таңы
Жаңақорған тынысы
Жалағаш жаршысы

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2025    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 
  • Нақты қадам
  • Digital Kazakhstan
  • Egov
  • Жаңғыру 30
  • Рухани Жаңғыру
  • Нұрлы жол
  • Сайт президента
  • Акимата Кызылординской области